Шарада Түркістан облысы ПД-нің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков, Тұңғыш Президентіміздің дана саясатын, оның стратегиялық көзқарасын сөз етті. Еліміздегі қазақстандықтардың бірлігін бекем етіп, ұлтаралық келісімді нығайтуды қамтамасыз етудегі ауқымды реформалар жүзеге асырылғанын тілге тиек етті. Бұдан әрі ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен көп жылғы мінсіз қызметі және қызметтік міндеттерін адал орындағаны үшін 12 полицей марапатталса, екі офицерге арнайы атақ берілді.
Оған қоса Полиция департаменті бастығының алғыс хатына 73 тәртіп сақшысы ие болды. Ал, 11 қызметкердің тәртіптік шарасы мерзімінен бұрын алынды. Іс-шара аяқталғаннан кейін Түркістан облысы ПД-нің полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде аянып қалмақ емес екенін алға тартып, жұмыстарын жалғастырды.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»