Акцияның негізгі мақсаты: әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау, алдын алу, ана мен баланы қорғау, халықты қоғамдағы отбасының рөлін күшейтуге бағытталған шаралармен таныстыру болып табылады. «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заңның негізгі ережелерін түсіндіру бойынша жұмыстар, сонымен қатар іс-шараны өткізу шеңберінде кездесулер өткізіліп, буклеттер, жаднамалар мен плакаттарды тарату жұмыстары саябақтар, алаңдар, базарларда жүргізілген. Ақпараттық-насихаттау жұмыстарын өткізу мақсатында, жоғары оқу орындары мен колледж студенттері қатарынан волонтерлер тартылған.
Түркістан облысы бойынша 3066 тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адам ІІО-на жеткізіліп, оның 3126 қорғау нұсқамасына алынған. Сондай-ақ, құқық бұзушылық әрекеттерімен көзге түскен 364 азаматтың мінез-құлқына сот арқылы ерекше талаптар белгіленіп, профилактикалық есепке алынды. Айта кету керек, «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн»республикалық акциясын Түркістан облысының полицейлері қарқынды түрде іске асырып, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында және отбасының қоғамдағы рөлін нығайту мақсатында өткізуде.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»