Бүгінгі таңда балалардың жоғалып кетіп, жол апатына ұшырап, не болмаса түрлі бұзақылардың тұзағына түсіп қауіпті жайттарға душар болып жататындығы белгілі. Оған қоса қыс мезгілі болғандықтан жолда жүру ережесін де мұқият ұстанған дұрыс. Себебі ауа райының салдарынан көліктерін игере алмаған жүргізушілер жол жиегіне шығып кетіп немесе жаяу жүргіншілерді қағып кету жайттары жиі орын алып жатады. Сондықтан дәл осындай кезеңдерде темірдей тәртіпке әбден үйренген, өз ісінің маманы болған полицейлердің өскелең ұрпақпен кездесіп, танымдық дәрістер өткізуі өте маңызды.
Осы орайда Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері барлық білім ошақтарын аралап, балалардың қауіпсіздігіне байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізуді бастап, «Абайлаңыз балалар» іс-шарасын қолға алды. Аталған акция аясында 15 мектепті аралап, 7500-дей оқушыға бейтаныс адамдармен тілдеспеу, жолда жүргенде абай болу, кешкі уақыттан бастап ешқайда шықпау туралы кең көлемді түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, жасөспірімдер тарапынан полиция қызметкерлеріне түрлі сауалдар қойылып, оған сақшылар нақты жауаптарын берді.
AQ-QARA-KZ» - ақпарат»