Жиынға қатысушылар Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 шілдедегі«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан РеспубликасыЗаңын іске асыру мониторингі бойынша Мәжіліс депутаттары,Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшелері Түркістан облысы әділет органдары мен адвокатураның қызметімен танысты. Көшпелі отырыстың алғашқы сөз кезегінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы, «Nur Otan» партиясының жанындағы Құқықтық кеңесінің төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Әбдіров бүгінгі отырыстың мақсаты мен маңыздылығына тоқталды. Түркістан облысы Әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев халықтың заң құқықтарын білуде осындай басқосулардың маңызы зор екендігін айтты.
Көшпелі отырыс барысында білікті заң көмегін көрсету жүйесінің одан әрі дамуы, заң көмегін көрсету саласын жетілдіру аясында заңнамалық жаңалықтардың практикалық маңызы, заң консультанттары институтын одан әрі жетілдіру, білікті заң көмегін көрсету барысында адвкатура мен құқық қорғау органдарының өзара іс-қимыл жасау мәселелері және тағы басқа мәселелер талқыланды. Отырысқа қатысқан мүдделі мемлекетік органдардың - Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, әділет, ішкі істер, қаржы министрліктерінің өкілдері, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары және Шымкент қаласының әділет департаментері өкілдері, сондай-ақ Республикалық адвокаттар алқасының, Республикалық нотариаттық палатасының және Республикалық жеке сот орындаушылары палатасының өкілдері, жоғарыда көрсетілген облыстардың адвокаттары және нотариустары, және де басқа да үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері басқасу мақсатының төңірегінде ойларын ортаға салды. Көшпелі отырыс нәтижелері бойынша қатысушылармен халықты білікті заң көмегімен қамтамасыз ету саласында нақты ұсыныстарды қамтитын ұсынымдар әзірленді.
AQ-QARA-KZ» - ақпарат»