Браконьерлікпен күресті күшейту қажеттігі жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың, сондай-ақ биыл қараша айында облыс прокуроры Н.Әбдіровтың төрағалығымен Шардара қаласында өткен аудан әкімдігінің активінде болған жиында жекелеген билік органдарына нақты тапсырмалар берілген. Осыған орай, аудан прокуроры Р.Абдраимовтың төрағалығымен аудандағы 5 балық өңдеу зауытының өкілдері, соларға қарасты су қорықшылары, полиция бөлімі, аудандық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекция, аудандық ветеринария бөлімі және аудандық ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясы, аудандық кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі басшылары мен өкілдерінің қатысуында «Шардара су қоймасындағы балық ресурстарын аулау мәселесіне қатысты ашық есік» "дөңгелек үстел" өткізілді.
Өз кезегінде аудан прокуроры Р.Абдраимов құзырлы органдарының профилактикалық жұмыстарының жеткіліксіздігі мен тиімсіздігі салдарынан құқық бұзушылықтың өсуіне себеп болғанын атап өтті. Мәжілісті қорытындылау нәтижесімен Р.Абдраимов аудандағы заңдылықты нығайтуға және қысқа мерзім аралықта осы проблеманы шешуге нақты тапсырмалар берді. Осы ауданның лауазым иелеріне проблемаларды шешуге, сондай-ақ қылмыстылықпен күресуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды жандандыруға жекелеген бағыттар берілді. Қолданылып жатқан іс-шаралардың нәтижесі алдағы уақытта тағы да осы тектес жиын өткізу арқылы талқыланатыны жиынға қатысушылардың назарына жеткізілді.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.