Пятница, 06 Декабрь 2019 21:04

Түркістан облысында адвокаттар саны артуы мүмкін

Түркістан облысында көпшілікке құқықтық кеңес беретін адвокаттар жетіспейді. Статистикаға сүйенсек өңірде бар-жоғы 131 ғана қоғарушы жұмыс істейді. Оны халық санына шаққанда бір маманға 16 мың тұрғынан келеді екен. Бұл мәселе облыс орталығында өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің көшпелі отырысында айтылды.

Шараға төменгі палатының 14 депутаты мен Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облысының құқыққорғау органдарының басшылары қатысты. Негізінде әрбір қазақстандықтың басына іс түскенде тегін қорғаушы алуына мүмкіндігі бар. Оны мемлекет қамтамасыз етеді. Статистикаға сүйенсек жыл басынан бері облыста 4467 азамат тегін қорғаушының көмегіне жүгініпті.Бұл 2 миллионнан астам халқы бар өңір үшін аз көрсеткіш. Заң консультанттарының қызметтерін реттеу мақсатында облыста 3 заң кеңестерінің палаталары құрылған. Бірақ статистикамыз бойынша 2 млн-нан астам халқы бар Түркістан облысында 1 адвокатқа 16 мыңнан астам адам келеді. Еуропа батыста ол көрсеткіш 1000 адамға бір адвокаттан» - дейді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев.

Осындай олқылықтарды реттеу үшін өткен жылы елімізде Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заң қабылданған болатын. Бүгін сол құжаттың қалай жүзеге асып жатқаны жөнінде сөз болды. Отырыста  қорғаушы көмегімен қамтамасыз етуге қатысты нақты  ұсынымдар әзірленді. Енді ол алдағы үкімет сағатында қаралатын болады. «Біз қазір келесі жылдың басына жоспарлап отырмыз Бүгін қарастырып отырған заңның тиімділігін парламенттік тыңдау дайындап отырмыз. Сол үлкен тыңдауға осы Оңтүстік өңірдегі проблемаларының қандай ерекшеліктері бар оны сол жаққа шығрамыз» - деді   ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров. Егер сол тыңдауларда мәселеден оң қорытынды шығатын болса өңірдегі адвокаттар саны артуы мүмкін. Егер солай болса тегін қорғаушыларға деген қолжетімділік артатын болады.  

AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 1107 times