Мәселен, 2019 жылдың 11 айында осы мемлекеттік қызмет түрлері бойынша 2 542481 азаматтың өтініштері қанағаттандырылды. Оның ішінде 1 899 706 мемлекеттік корпорация арқылы, 425 836-ы электронды веб порталы және 216 939-ы тікелей КҚҚБ -мен орындалған. Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің қағаз жөнінде орындалған өтініштері: 59 648,оның ішінде: - ҚР азаматтығын алуды және одан шығуды тіркеу -1 284; - Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға ҚР-да тұрақты тұруға рұқсат беру – 1 122; - Еңбек имигранттарына жұмыс істеуге рұқсаттарберу және бұрын берілген рұқсаттарды созу- 56 406; - Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ азаматтарға Виза беру және оларды созу – 567; - Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу- 269; Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің қағаз жөнінде не электронды үкімет «веб-портал» немесе Азаматтарға арналған мемлекеттік корпорациясы арқылы қабылданған өтініштері: (13,2 тармағына сәйкес)- 157 291 мемлекеттік қызмет ұсынылған.
Түркістан облысы мен Түркістан қаласының тұрғындары және қонақтары, сіздерде осы орталықтың қызметін қолдануға мүмкіндіктеріңіз барын естеріңізге саламыз. Түркістан қаласындағы көші-қон орталығына жүгіне алады. Бұл жерде олар халыққа қызмет көрсету орталықтарының стандарттарына жауап беретін "Бір терезе" қағидасы бойынша Мемлекеттік қызметтерді ала алады. Орталықта шетелдіктерді уақытша тіркеу және еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұдан басқа, еңбек иммигранттарына орталықта екінші деңгейдегі банктердің, Медициналық және салық органдарының мемлекеттік қызметтері көрсетілетін болады. Түркістан облысы ДП көші-қон қызметі орталығы Түркістан қаласы, 160 квартал, №209 мекенжайында орналасқан, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясының ғимараты.
AQ-QARA-KZ» - ақпарат»