Пятница, 22 Ноябрь 2019 20:20

Түркістан облысы: Сарыағаш ауданында жалпыреспубликалық акция өтті

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен бүгін Сарыағаш ауданында "Халық заңгері" жалпы республикалық акциясы өтті. Акцияның мақсаты — кез келген құқықтық мәселелер бойынша халықтың білікті мамандардан тегін заң көмегін алуын қамтамасыз ету болып табылады. 

"Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы халыққа қызмет көрсету бойынша Сарыағаш аудандық бөлімінің ғимаратында өткен іс-шараға заңгерлер, кәсіби адвокаттар мен нотариустар, сот орындаушылары, медиатор, прокурор, тергеушілер, әділет органдарының қызметкерлері, көші-қон полициясы, жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімінің өкілдері, мемлекеттік органдардың қызметшілері, оның ішінде білім, денсаулық, әлеуметтік сала, жұмыспен қамту, ауыл шаруашылығы, жер салалары бойынша білікті де тәжірибелі мамандар қатысты. "Халық заңгері" акциясын өткізу барысында аудан тұрғындары көбінесе әлеуметтік мәселелер бойынша, құқық қорғау органдарының процессуалдық іс-әрекеті мәселелері, жер қатынастары, кәсіпкерлік оқыту ауыл шаруашылығы саласындағы субсидиялау мәселелеріне байланысты сұрақтармен жүгініп, заң аясында қанағаттанарлық жауаптар мен пайдалы кеңестер алды.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 660 times