Консультациялық-кеңесші органның кезекті отырысын аудан әкімінің орынбасары комиссия төрағасы Бақытжан Қалдыбекұлы Полатов жүргізіп отырды. Жиналысқа консультациялық-кеңесші органның мүшелері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Қ. Сартаев, Д. Динашова, Н. Үсіпбеков және С. Сабировалар пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға ағымдағы жылдың 10 айында атқарылған жұмыстары жөнінде өз баяндамаларын жасады.
Жиынды қорытындылаған комиссия төрағасы Б. Полатов бірқатар мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Айта кету керек, аталмыш органның жұмыла еңбек етуінің нәтижесінде аудан аумағында құқық бұзушылық һәм қылмыс көрсеткіштері біршама азайған.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.