Суббота, 23 Ноябрь 2019 19:52

Түркістан облысы: Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің басшысы есеп берді

Бүгін Атакент кентінде Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Әділбек Сапарбеков полиция қызметінің 10 айлық есебін берді. Есеп беру жиынына Түркістан облысы полиция департаментінің басшысы, полиция генералы Қайрат Дәлбеков, Жетісай АПБ басшысы полиция полковнигі Ермахан Абдраманов, Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов, Мақтаарал аудандық маслихатының хатшысы Қадыр Сәрсекбаев, Мақтаарал ауданының прокуроры Жұмағали Ботабеков, ауыл ақсақалдары және мемлекеттік мекемелер қызметкерлері қатысты. 

Жиында Мақтаарал аудандық полиция бөлімі басшысының баяндамасы тыңдалып, аудандық полиция бөлімі қызметіне қанағаттанарлық баға берілді. Осы жиынға Мақтаарал ауданы тұрғындарының өтінішімен арнайы келген Түркістан облысының полиция департаменті басшысы, полиция генералы Қайрат Сұлтанбайұлы қылмыстың алдын алу шаралары бойынша жүргізілген жұмыстар жайлы айтып, көпшіліктің сауалдарына жауап берді.

«Мен халықпен тығыз байланыста жұмыстар атқаруға дайынмын. Әлеуметтік желіде «Фейсбук» парақшам арқылы да байланысқа шыға берулеріңізге болады» - дедіполиция генералы. Жиын соңында аудан ақсақалдары ауданға арнайы ат басын бұрған полиция департаменті басшысы Қайрат Сұлтанбайұлына алғыстарын білдірді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 1252 times