- «Ашық Түркістан» жобасы жүзеге асып жатыр. Мұндағы негізгі ой, негізгі мақсат - сыбайлас жемқорлықты жою. Бұл – тек бір күндік іс-шара. Түркістан облысының барлық аудан, қаласының 16 жерінде өтіп жатыр, - деді Түркістан адалдық алаңы жобалық кеңсесінің менеджері Ерұлан Тұңғышбаев.
Кеңес беру науқанында тұрғындар "Nur Otan" партиясының филиал өкілдерінің, “Атамекен” кәсіпкерлер палатасының, нотариус, прокурор, сот орындаушы, әділет қызметкерлері, сондай-ақ көші-қон полициясы бөлімдерінің өкілдерінен құқықтық кеңестер алды.
Айта кетейік, Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде ерекше маңызға ие бұл игі бастама қарапайым халық үшін дәстүрлі әрі тиімді жобаға айналып үлгерді.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.