Вторник, 26 Ноябрь 2019 09:12

Түркістан облысы: Бәйдібектік полицейлер оқушылармен кездесу өткізді

Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жастармен кездесіп, тәрбиелік мәні зор іс-шара өткізді. Жалпы, жасөспірімдер арасындағы қылмысты болдырмауда, алдын алуда осындай ерекше кездесулердің берері мол. 

Бәйдібек АПБ ЖПҚ Ювеналды полиция тобының аймақтық полиция инспекторы полиция капитаны Ж.Мырзабекова Шаян ауылында орналасқан «Шаян» көпсалалы лицей-жалпы орта мектебінің кітапхана қызметкерлерімен бірлесіп, мектептің кітапханасында кездесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты оқушыларға рухани-адамгершілік құндылықтар мен жасөспірімдерді тәрбиелеуде ой санасын дамытуға кітап оқудың қосатын үлесі туралы жеткізіп, кәмелет жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады. Іс-шара барысында білімнің қайнар бұлағы кітап екені жастарға жіті түсіндіріліп, әрбір жасөспірім кітаппен дос болса, болашақта көзі ашық, көкірегі ояу, мінез-құлықты қалыптастыра алатын және ар-ұят, өзін-өзі басқара білу мен мен бағалау, сондай-ақ жаман әдеттен арылып, көркем тәрбие иесі болатыны айтылды. Полицейлер жеткіншектерге кітапханаға жиі келіп, кітап оқып тұруға кеңес берді. Сонымен қатар «Рухани адамгершілік тәрбие-рухани жаңғырудың басты бағдары» атты кездесуде оқушыларға кітаптар көрмесі таныстырылды.

Жалпы, жасөспірімдер арасындағы қылмысты болдырмауда, алдын алуда осындай ерекше кездесулердің берері мол. Себебі бала, құлақпен естіп қана қоймай, көзбен көріп, қоғамдық тыныштықты сақтауда аянбай еңбек етіп жүрген тәртіп сақшыларымен тілдесіп, көзбен көріп, жақсы жағынан ой түйіндейді. Алға ұмтылып, болашақта елдің елеулісі болуға ұмтылады. Сондықтан да бұндай кездесулер Түркістан облысы полицейлері тарапынан тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 691 times