Сондай-ақ, кісі өлтіру фактілері - 28,6 пайызға, қарақшылық - 23,1 пайызға, бұзақылық - 30,8 пайызға төмендеген. «2019 жылдың 11 айында бұрын қылмыс жасаған тұлғалармен жасалған қылмыс 3,2 пайызға төмендегені байқалады. Есірткі және мас халдегі тұлғалармен жасалған қылмыстар 0,2 пайызға төмендесе, топпен жасалған қылмыс – 1,9 пайызға өскен. Өкініштісі, өз-өзіне қол жұмсау фактілері 21 пайызға өсіп отыр. Әсіресе, өз-өзіне қол жұмсау деректері көбіне әйел азаматшалармен жасалған», - деді Ботабек Бегінбекұлы. Сонымен қатар, 2019 жылдың 11 айында еліміз бойынша 5 608 532 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелсе, оның 4,1 пайызы Түркістан облысына тиесілі. «Облысымызда қаралған әкімшілік істерді өткен жылмен салыстырғанда 8,4 пайызға кеміген. Әкімшілік істердің 20 412-і сотпен, 203 747-і уәкілетті органдармен қаралған. Қаралған әкімшілік істер бойынша 2 117 367 551 теңге айыппұл салынып, мемлекет кірісіне 1 435 836 792 теңге айыппұл өндірілген, яғни салынған айыппұлдардың өндіру пайызы – 67,8 пайызды құрады», - деді ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша басқармасының бөлім бастығы Қуаныш Сраилов.
Қаралған әкімшілік істердің 84,1 пайызы – полиция органдарымен, 5,8 пайызы –Мемлекеттік кірістер департаментімен, 1,4 пайызы – Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен, 1,1 пайызы – Әділет департаментімен тіркелген, 0,6 пайызы – Төтенше жағдай департаменті мамандарымен тіркелген. Қазіргі таңда, әкімшілік хаттамаларды электронды форматқа ауыстырып, планшет арқылы электронды түрде толтыру жүзеге асырылуда. Мәселен, Түркістан облысы полиция органдарымен планшет арқылы 109 562 әкімшілік құқықбұзушылық тіркеліп, 514 041 755 теңгеге айыппұл салынған, оның 358 447 983 теңгесі өндіріліп отыр. Түркістан облысында қылмыс деңгейі 24,3 пайызға төмендеген.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»