Понедельник, 24 Декабрь 2018 08:52

Түркістан облысында медицина қызметкерлеріне сый-құрмет көрсетілді

Еліміздің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күні қарсаңында Түркістан облысының 7 үздік дәрігері мемлекеттік марапатқа ие болды. 

Атап айтсақ, Облыстық клиникалық аурухананың бөлім меңгерушісі Назира Жарқынбекова "Құрмет" орденімен марапатталды. Шардара аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Жанар Оспанова мен Түркістан қалалық орталық ауруханасының бөлім меңгерушісі Камагүл Мұсақожаева

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың қолынан "Ерен еңбегі үшін" медаліне ие болды. Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының дәрігер- трансфузиологы Амалбек Белгібаев пен Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Айкүл Ақынғазиева және Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының педиатр дәрігері Наушарман Боранбаева, Түлкібас аудандық орталық ауруханасының дәрігері Бақытжан Күзембаев, Ордабасы аудандық орталық ауруханасының бөлім меңгерушісі Салтанат Сеитова "Шапағат" медальдарымен марапатталды.

Сонымен қатар ел Тәуелсіздігі күніне орай медицина саласының үздіктері Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының мәжіліс залында бас қосты. Абыройы асқақтаған 200-ге жуық ақ халаттының 50-ге жуығы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан үлкен марапаттарға ие болды.

Облыс медицинасының дамуына зор үлес қосқан дәрігерлерді Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев марапаттады.

Тәуелсіздік алған жылдардан бері еліміздің медицина саласында елеулі өзгерістер болды. Біз Түркістан облысының тарихы қаланған шақтың куәсі болдық және өңірді дамытып, еліміздің медицина саласын өрбіту жолында бірлесе еңбек етеміз. Алдымызда үлкен міндеттер тұр, - деген Мұқан Егізбаев тәуелсіздігіміздің баянды болуын тіледі.

Түркістан облысының медицина саласының майталмандарына облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттары, Облыстық мәслихаттың грамоталары мен “Нұр Отан” партиясының Құрмет грамоталары табысталды. Сондай-ақ 16 медицина қызметкері “Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау үздігі” төсбелгісімен марапатталды, 17 дәрігер “Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін” төсбелгілерін тақты. Жеті ақ халатты“Еңбек ардагері” төсбелгісімен марапатталды, 50-ге жуық дәрігерге ҚР Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарын табыс етілді.

Салтанатты жиында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ұйғарымымен “Медициналық-санитарлық алғашқы көмек жөніндегі Алматы декларациясының 40 жыл” медалімен Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен Түркістан жоғары медициналық колледжі лайық деп табылды.

Бұдан бөлек Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасыбасшысының Құрмет грамоталары да өз иелерін тапты. Айтулы мереке алдында еңбектері еленген 200-ге жуық ақ халаттымарапатпен қоса бір айлық жалақы көлемінде сыйақыларын қоса алды. Алғысқа ие болған дәрігерлер ақ тілектерін білдіріп, шараның соңы медицина қызметкерлеріне арналған концертпен жалғасты.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 1941 times