Суббота, 15 Июнь 2019 10:04

Түркістан облысы: Емханада әлеуметтік қолдау орталығы жұмыс істейді

Маусым айының үшінші жексенбісі Қазақстан медицина қызметкерлерінің төл мерекесі.Түркістан қалалық емханасының ұжымы кәсіби мерекелерін үлкен жетістіктермен қарсы алды. Емханада бүгінде 700-ге жуық медицина қызметкері еңбек етуде. Осыдан төрт жыл бұрын пайдалдануға берілген медициналық ұйымның облыс орталығында 10 бөлімшесі жұмыс істейді. Оңтайландырылған емханада жергілікті халыққа бір терезе қағидасы бойынша   медициналық қызмет көрсетіледі

Бұл туралы Түркістан қалалық емханасының бас дәрігері Жанар Оспанова: «Тәуліктік амбулаторлық станционарлық  жарақат бөлімшесі  ашылмақ. Онда күндіз ота жасалып, науқас үйіне жіберіледі. Бұл науқасқа да, медициналық мекемеге де тиімді. Емханада әлеуметтік қолдау орталығы жұмыс істейді. Сауықтыру мақсатында писхологиялық көмек те көрсетіледі» дейді.

Сондай-ақ ол «Халықтың денсаулығын жақсарту – еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында бар мүмкіндіктер жасалуда»,- деді. Емханаларда бүгінде әлеуметтік қолдау орталықтары, сауықтыруға бағытталған психологиялық бөлімшелер жұмыс істейді.

 «AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Read 723 times