Пятница, 12 Июль 2019 17:32

Түркістан: түркиялық дәрігерлер арыстықтарға көмек көрсетуге дайын

Медицина саласында «Тізе буын хирургиясы» өте өзекті. Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне Түрік елінің травматолог-ортопедтері келді. Мақсаты Арыстан келген науқастарға күрделі ота жасау. Сонымен қатар жергілікті мамандармен тәжірибе алмасу.

Түрік елінің денсаулық сақтау жүйесі жақсы дамыған. Білім беру, инновация және инвестиция тартуда да озық. Қазақстанға алғаш рет келген Эврим Ширин  травматолог-ортопед. Білікті дәрігер жақында Арыста орын алған апаттан зардап шеккендерге де кез-келген медицина көмек көрсететінін де жеткізді. «Қазақстанға алғаш рет келіп тұрмын. Арыстан келген тұрғындарға көмек береміз. Тізе хирургиясы ортопедия бөлімінде өзекті. Дүние жүзі бойынша күннен-күнге дамып келе жатыр» - дейді ол.

Бүгінде буын аурулары бүкіл әлемді мазалап отырған мәселе.  Аталмыш ауру біздің елімізде де кең тараған. Талай жандардың мүгедек болуына тікелей ықпал ететін көрінеді. Сондықтан жергілікті дәрігерлер әрдайым білімін арттыруға,  білікті медицина мамандарымен іс-тәжірибе алмасуға дайын. «Қазіргі таңда медицина саласындағы өте актуалды. Екі елдің ынтыамақтастығы арқасында. Біліктілікіт арттыру мақсатында. Тараз, Қызылорда ірі білікті травматолог-ортопед бас қосты. Екі күнде семинар курстар болады. Екінші күні ота болады» - дейді Қ.А. Ясауи атындағы қазақ-түрік университеті клиника - диогностикалық орталығының бас дәрігері Сандуғаш Рүстемова. Екі күнге жоспарланған семинар-тренингте тізе буыны ауруларын емдеудегі жаңа тәсілдер айтылды. Екінші күнінде түркиялық дәрігерлер күрделі ота жасайды. 

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 778 times