Вторник, 06 Август 2019 17:36

Арыстық балалар жазғы демалыстарын тиімді әрі қызықты өткізуде

«Нұр Отан» партиясы Арыс қаласының бүлдіршіндеріне қуаныш сыйлады! «Қазығұрт Турбаза» демалыс аймағында жазғы демалыстарын өткізіп жатқан бүлдіршіндерге арнап концерттік бағдарлама мен сый-сыяпат ұсынды. Айта кетейік, лагерьдегі 137 баланың демалуына жағдай жасаған Семей қаласының Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университеті болатын.

«Ормандағы болған оқиға ізмен» атты қуыршақ театрының қойылымы балаларды еріксіз ертегілер әлеміне алып барды. Жан-жануарлармен ән айтып, би билеген олар олармен достасып та алды. Мұнан соң Нұр Отандықтар дайындаған сый-сияпат пен  балмұздақ таратылды. Көңілді шара әрі қарай би кешіне жалғасты. Салқын ауа,  табиғаты келіскен таулы аймақ балаларды қуанышқа бөлеп, мәз- мейрам күйге бөледі. 

Облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары міндетін атқарушы Қалыйма Жантөреқызы Арыстағы үйлерге барып, жай күйлерімен танысып, жөндеу жұмыстарының аяқталғанына куә болып қайтқанын жеткізді. «Бүгінгі біздің мақсатымыз - Арыстық балалардың  көңіл күйін көтеру. Бұйыртса, енді бұл балалар  демалыстан соң  аман-есен, жаңа үйлеріне  оралып, оқуларын беске оқиды  деген сенімдеміз»,- дейді партия өкілі.  .

Демалушы балаларға барлық жағдайды жасап отырған Семей қаласының Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университеті қызметкерлері.  Олар арыстық балалардың уақытын тиімді өткізу үшін барын салған. «Университетіміздің атынан 100 бала осында демалып жатыр. Балалардың көңіл-күйі өте керемет. Лагердегі директорлар риза болып жатыр» - дейді Семей қалалық Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінің жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Марлен Әбубәкір. «Нұр Отан» партиясы Мақтаарал аудандық филиалы да бүгінгі шараға өз үлестерін қосып отыр. Арнайы театр ұжымын алып келіп, балалардың мәдени тынығуына жағдай жасағанын айта кетейік.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 809 times