Жетісай аудандық білім бөліміне қарасты оқушылардың тағы бір легі жазғы спорттық сауықтыру лагеріне аттанды. Еске салайық, Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты 220 оқушының 70-і Арыстық балақайлар. Олар Түлкібас ауданына қарасты Бекзат Саттарханов атындағы лагерінде демалатын болады.
«2019 жылғы Жетісай аудандық бюджетінен 20 млн теңге сонымен қатар кәсіподақтан 2,5 млн теңге қаржы қаралып, бұл қаржыға Түлкібас аудандық Машат шатқалындағы Бекзат Саттарханов атындағы лагерінде 660 баланы демалдыру жоспарланған. 4 ауысымы өтіп, Арыстық 70 баланы демалдыру көзделді» - дейді Жетісай аудандық білім бөлімінің басшысы Тұрсынбай Мырзалиев.
Жетісай ауданының қаржыландыруымен ұйымдастырылған шараға Арыстық ата-аналар да дән риза. Балаларының 10 күн болса да жазғы демалысын көңілді өткізуі біз үшін қуаныш дейді олар. Жалпы, бүгінгі таңда Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты 700-ге жуық бар. Бұл бір аудан үшін аз көрсеткіш емес. Дегенмен, жаңадан құрылған ауданда оқушыларды жазғы лагерьлерге жіберуде қиындық жоқ.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»