Пятница, 18 Октябрь 2019 17:46

Шымкент: диспансерлік есептегі 6285 науқас қажетті дәрілермен қамтамасыз етілген

Шымкент қаласы әкімідігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен бүгінгі брифингке Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесу барысында қатерлі ісік ауруымен есепте тұратын науқастарға онкологиялық препараттардың қамтамасыз ету мәселесі сөз болғанын айта кеткен жөн.

Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы қазіргі таңда барлық қатерлі ісік дертімен ауыратын пациенттер керекті химиялық препараттармен қамтамасыз етілгендігін мәлімдеді. Онкологиялық науқастар арасында қазіргі таңда дәрілердің жетіспеушілігі жоқ дейді мамандар.

Онкологиялық науқастардың электрондық тіркеліміне сәйкес диспансерлік есепте 6 285 адам бар болса, соның оның ішінде 1 276 науқас амбулаториялық химиотерапиямен ем алыпты, ал, қалғандары стационарлық ем қабылдап жатыр екен. Емдеу кезінде дәріге қатысты мәселе туындаған жаңдайда мамандар дәрілердің қолданыстағы бірдей аналогына ауыстырылатынын жеткізді. Осылайша, мәселе шешімін тауып жатыр екен.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 656 times