Тиісінше, Шымкент қалалық кордиологиялық орталықтың мамандары да операция кезінде ана мен баланың өміріне қауіп төнгенін жасырмайды. Алайда, тәуекелге барған дәрігерлер отаны сәтті жасап шығып, екі адамның өмірін аман алып қалды. Дәрігерлер ана мен баланың бүгінгі жағдайы жақсы дейді. Айта кетейік, осы уақытқа дейін қалалық кардиологиялық орталықта жүкті әйелге мұндай қосарланған патологиялық ота мүлдем жасалмаған. Ал, ҚР бойынша Республикалық орталықтарда бірлі-жарым мұндай жағдайлар болса, көптеген жағдайларда санитарлық авиация желісі бойынша Нұр-Сұлтан қаласы ҰҒКО республикалық орталықтарға тасымалдауға мәжбүр болған. Оған қоса, пациенттерді санитарлық авиация желісі бойынша тасымалдау шығын келтіреді және қолқаның жыртылуының асқынуы мен өлім қаупін жоғарылатады екен.
Сондықтан, аталған пациенттің жағдайы тасымалдауға жарамайды деп бағаланып, жедел түрде консилиум ұйымдастырылған және Шымкент қаласының кардиологиялық орталығында жедел түрде ота жасау қажет деген шешім қабылданған. Содан кейін, операция кезінде кардиоорталықтың кардиохирургтар командасы жасанды қан айналым жүйесінің көмегімен жүректі тоқтатып қойып, қолқа тамырының доғасы мен супракоронарлық аймағына протез орнатқан. Айта кетейік, бұл туралы Шымкент қалалық ДСБ-ның баспасөз қызметі хабарлаған болатын. Аталған ақпартқа сүйенсек, бүгінгі таңда Шымкент қаласының кардиологиялық орталығында білікті мамандар жұмыс атқарады және орталық қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»