Кездесуге аудан және ауыл округі әкімі аппаратының, бөлімдер мен мекеме қызметкерлері, аудан тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты. Жиынды аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов ашып, жүргізіп отырды. Филиал директорының айтуынша ағымдағы жылдың 18 маусымында ҚР Үкіметі 2020 жылдан бастап міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтердің тізбесін бекіткен болатын. Оның біріншісі – кепілдендірілген тегін медициналық көмек (ТМККК) пакеті болса, екіншісі - МӘМС пакеті. Медициналық сақтандыру қоры ТМККК және МӘМС пакеттерінің қаржылық операторы және халыққа көрсетілетін медициналық қызметтерді ҚР Үкіметі бекіткен тәртіп бойынша сатып алады. Түркістан облысы бойынша, биыл Қормен келісімшарт бекіткен жеткізуші медициналық ұйымдарға 76,8 млрд. теңге төленуде. Бұл өткен жылы бөлінген қаржыдан 9,1 % артық. Жалпы, медициналық сақтандыру қоры кепілдендірілген көмек түрлерін көрсетуге құлшыныс білдірген 74 медицина ұйымдарымен келісімшарт бекіткен болатын. Оның ішінде 34 жеке меншік клиника. Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті.
«Сондай-ақ, 2020-2022 жылдарға арналған бюджет жобасында 2020 жылы медициналық көмекке жұмсалатын қаржы 1 трлн 620 млрд теңге деп белгіленген. Бұл биылғы шығындардан 67 пайызға көп. Аталған қаржының 967,7 млрд. теңгесі тегін медициналық көмекке, 652,8 млрд теңгесі – сақтандыру пакеті бойынша көрсетілетін қызметтерге жұмсалады»-деді А.Асанұлы.Жиын барысында мамандар жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұлт саулығына қызмет ететін жүйенің негізгі қызметтерін жан-жақты түсіндіріп өтті. Жиынды қорытындылаған аудан басшысы сөз барысында: «Қазақстандықтардың тегін медициналық көмек алуын жетілдіріп, озық елдердің тәжірибесіне сай негізделген «міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі» ұлт саулығы үшін жасалып жатқан игі қадамдардың бірі. Бұл халыққа тиімді медициналық қызмет көрсететін бағдарлама. Сондықтан бұған үрке қараудың қажеті жоқ. Қайта жаңа жүйенің елдің денсаулық сақтау саласының уақыт талабына сай дамуына да, халықты медициналық қызмет түрлерімен қамтамасыз етудегі мүмкіндіктің артуына келтіретін артықшылықтарын пайдаланып, өз денсаулығымызды сақтауға атсалысуымыз керек», - дей келе, ауданымызға арнайы келіп, халыққа толыққанды ақпарат берген мәртебелі меймандарға аудан тұрғындары атынан шынайы алғысын жеткізді.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»