Воскресенье, 10 Ноябрь 2019 10:09

Түркістан облысы: арыстықтарға МӘМС талаптары түсіндірілді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін ендіруді 2020 жылы жүзеге асыру мәселесіне зор жауапкершілікпен қарап, ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жандандыруды тапсырған болатын.

Осы орайда, Арыс қаласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды ендіру мақсатында насихат жұмыстарын жүргізу бойынша құрылған арнайы насихаттық топ қалаға қарасты Ақдала және Дермене ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесіп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың мақсаты, атап айтқанда қол жетілімділігі мен өмір сүру ұзақтығын арттыру, ана мен бала денсаулығын қорғау және ана өліміне жол бермеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ, бала өлімін азайту, жүктілік бойынша әйелдерді ерте кезден есепке тұруларын қамтамасыз ету, озық мемлекеттердің тәжірибесін енгізу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жиынға қатысқан тұрғындар Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін ендіру туралы көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан тұщымды жауаптарын алды. Мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 643 times