Понедельник, 11 Ноябрь 2019 17:29

Түркістан: Облыстық клиникалық ауруханада инсульт ауруына қарсы ашық есік күні өтті

Облыстық клиникалық ауруханада инсультке қарсы күрес мақсатында ашық есік күні өтті. Қазіргі таңда инсульт көрсеткіші бойынша жүрек және қатерлі ісік ауруларынан кейінгі кезекте кең тараған ауру түрі саналады. Өкінішке орай миға қаң құйылу дертіне 30 бен 40 жас аралығындағы азаматтар да жиі шалдығуда.

Кәрі түгілі жастың өмірін жалмап жатқан аурумен күрес мақсатында облыстық клиникалық аурухананың невролог дәрігерлерінің қабылдауымен 23 қазан күні ашық есік күні өтуде. Дәрігерлер әр азаматтың жеке диагнозына қарай тиісті кеңес беріп, медициналық көмек ұсынып отыр. Қандай ауру болмаса да асқындырмай жолын кескен дұрыс. Миға қан құйылу кеселі де дәл солай. Инсульт бұл – қан айналымының нашарлауынан орын алатын дерт. Салдарынан қан тамырлары жарылып адам өміріне үлкен қауіп тудырады. Немесе тромбтар бітеліп ишемиялық инсультке душар етуі мүмкін. Кесірінен науқастар мүгедектікке ұшырайды.

Инсультке соқтыратын себептердің бірі ол – жоғары қан қысымы, стенокардия, темекі шегу мен спирттік ішімдікке әуестік, артық салмақ пен қан айналымының нашарлығы. Сондықтан әрине салауатты өмір салтын ұстанған дұрыс. Дер кезінде профилактикалық шара қолдану аурудың жолын кесетіні сөзсіз. Дүниежүзілік инсультке қарсы күрес ұйымымен 2006 жылы 29 қазан аталған ауруға қарсы күрес күні болып жарияланған болатын. Содан бері ақ халаттылар барынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ашық есік күні аясында дәрігерлік көмек көрсетуде.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 700 times