«Біздің ең басты байлығымыз – халықтың денсаулығы. Бұл тұста, медицинаның ең маңызды бағыты – жедел жәрдем көрсету саласы екені белгілі.Облыстағы медицина саласын дамыту - басты назарда. Бұл ретте осы саланы заманауи, толық жабдықталған арнайы жедел жәрдем көліктерімен қамтамасыз ету ісін әлі де жалғастырамыз. Мұндай көліктермен алдағы уақытта барлық аудандарды толық қамтамасыз ететін боламыз. Бұл мүмкіндік - тұрғындардың өмір сүру ұзақтығының өсуіне және медициналық технологиялардың дамуына алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамыту бағытына өз септігін тигизеді деген сенімдеміз», - деді Өмірзақ Шөкеев.
Келесі жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен қосымша 60 санитарлық автокөлікпен жабдықтау жоспарланып отыр. Қазіргі таңда, Кентау, Жетісай, Мақтаарал, Сайрам ауданы мен Түркістан қаласында жалпы 8 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізілуде. Одан бөлек, шалғай елді мекендерде 19 модульдік медициналық бекеті ашылмақ. Халықтың саулығы үшіноблысымыздағы медициналықұйымдардың материалды – техникалық базасы да заманауиқұрал-жабдықтармен қамтылып келеді.
«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»