Пятница, 15 Ноябрь 2019 06:35

Түркістандық дәрігерлерге АҚШ-тан келген мамандар шеберлік сабағын өтті

Тәжірибе алмасу шарасы №2 облыстық перинаталдық орталығы мен Ордабасы аудандық аурухана базасында ұйымдастырылды. 

Науқастың жүрек қағысын қалпында ұстап, дер кезінде дәрігерлік көмек көрсетудің қыр-сырымен бөліскен танымал сарапшы II Ричард Чарльс Уилкинсонның қазақстандық дәрігерлермен бөлісетін тәжірибесі мол. Өз ісінің үздігі жедел медициналық көмек, жетілдірілген және тактикалық шұғыл медициналық көмек саласында кәсіби маман саналады. Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының шақыртуымен үздік жаттықтырушы Түркістан өңіріне осымен екінші рет келіп отыр.  Шараны «International Medical Exchange» коммерциялық емес ұйымының директоры Нұргүл Салиева-Шмит қолдап отыр.

Расы керек, жүрек тоқтап, адам өміріне қауіп төнген жағдайда дереу құтқарып қалу – медицина қызметкерлеріне артылған үлкен жауапкершілік. Шеберліктерін шыңдаған облыс дәрігерлеріне нәтижесі бойынша біліктіліктерін арттырғандығы туралы сертификат табысталды. Жалпы, мұндай үздік мамандармен тәжірибе алмасу жергілікті дәрігерлердің біліктілігін арттыруға зор әсер етпек.  

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 618 times