Іс-шараға өңірдегі жоғары һәм арнаулы оқу орындарының студенттері қатысты. Басқосу кезінде мамандар оларға қауіпті аурудан сақтану жолдарын түсіндіріп,оны қалай анықтауға болатынын айтты. Өз кезегінде жастарда көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып тұщымды жауап алды. «Жалпы мақсат осы жастар арасында ЖИТС-тің алдын алу. Сондықтан осы жерде экспрес тестер алынып жатыр. Жалпы ол экспрес тестке тапсырып бірден ала алады» - дейді Түркістан облыстық СӨСҚО үйлестірушісі Гүлжан Сабыржанқызы.Негізінде, ағзадағы иммун тапшылығы вирусынан келетін қауіп көп. Біріншіден аталған сырқат адам ағзасының әлсіреп иммундық жүйенің жойылуына алып келеді. Соның салдарынан вирус жұқтырған адам көптеген жұқпалы және созылмалы ауруларға шалдығуы мүмкін. Ал, ауру асқынғанан кейін оны емдеу қиын сондықтан оның алдын алған тиімді. Шарада жастарға осы жағы кеңінен түсіндірілді.
«Әр адам АИТВ вирусы мен оны қалай жұқтырмауға болатынын білуі керек. Елімізде тестілеудің қолжетімділігін арттыру мақсатында өңірлік ЖИТС орталықтарынан үкіметтік емес секторларға біртіндеп өткізу жұмыстары жүргізілуде» - деді облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығының бөлім меңгерушісі Дәурен Рыскелдиев. Айтып, өтейік елімізде аталған дертпен күрес жұмыстары жыл өткен сайын жанданып келеді. Мәселен биыл 5 қараша мен 5 желтоқсан аралығында АИТВ-ның алдын алу айлығы ұйымдастырылды. Соның аясында көптеген басқосулар ұйымдастырылып халыққа медициналық тұрғыдан көмек көрсетілді.
AQ-QARA-KZ» - ақпарат»