Елімізде жаппай ағзадағы иммун тапшылығы вирусымен күрес айлығы өтіп жатыр. Мамандар ел аралап, көпшілікке жұқпалы дерттің алдын алу шараларын түсіндіруде. Індетке қарсы жүргізілген жүйелі жұмыстың нәтижесінде соңғы онжылдықта АИТВ инфекциясының анадан балаға берілу деңгейі төрт есе төмендеген. Мұндай дерті бар жүкті әйелдер 98 пайыз дені сау баланы дүниеге әкеле алады екен.
«Соңғы он жылда АИТВ-мен өмір сүретін адамдар тізімі 1,5 есеге қысқарды. 80 пыйызы ЖИТС-тен емес, АИТВ жұқпаға қосалқы диагноздан қайтыс болады. Науқан жүріп жатқан кезде Түркістан облысы мен Түркістан қаласының азаматтарына айтарым, экспресс тест пен АИТВ инфекциясына тапсырылуыңызды сұранамын» - дейді Түркістан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығының бас дәрігері Бақытжан Жүзжасаров.
Қазіргі таңда, өкінішке қарай, ағзадан вирусты толығымен жоятын дәрілік заттар жоқ. Сондықтан АИТВ мен ЖИТС-тан науқасты толық емдеу мүмкін емес. «Сондықтан емделуші ең бастысы инфекцияның неден жұғатынын және одан қалай қорғану керектігін білуі қажет. Егерде науқастар аталған препараттарды уақытылы қабылдайтын болса, ұзақ жыл өмір сүре алады деп айтуға болады. Себебі бізде 10-15 жылдан бері емделіп, өмір сүріп жатқан азаматтар бар» - дейді дәрігерлер.
Әлемде эпидемия басталғалы, қауіпті ауруды жұқтырғандардың саны 77 миллионнан асып жығылады. Олардың қатарында ЖИТС-пен ілеспелі аурулар салдарынан 35 миллион адам көз жұмған. Ал облыста мұндай дертпен 558 науқас есепке алынған. Бүгінде олар АРТ перепараттарын үдіксіз қабылдап, ем алу үстінде.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.