Пятница, 22 Июнь 2018 12:29

Шымкент қаласы әкімдігі мен білім бөлімі жақсы бастамаға қолдау білдіруде

Шымкенттің жалпы практика дәрігерлері мен Түркістан облысының дәрігерлері жасөспірімдерге дер кезінде қажетті қолдау көрсету бойынша біліктіліктерін жетілдіреді.

Медицина қызметкерлері дағдарысқа тап болған балаларды ерте анықтау және уақтылы көмек көрсетуде шешуші рөл атқарады. Сондықтан Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының және «Bilim foundation» қоғамдық қорының қолдауымен Шымкентке мамандар шақырылып, облыстық денсаулық сақтау қызметкерлерінің, Шымкент қаласының барлық емханаларының бас дәрігерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Бұл бағдарламаның басым бағыттарының бірі кәмелетке толмағандар арасында өзін-өзі өлтіруді болдырмау және дәрігерлерге арналған арнайы дайындық мәселесінде медицина қызметкерлерінің рөлін арттыру болып табылады. Таяу уақыттары Шымкент қаласындағы 351 жалпы практика дәрігерлері жасөспірімдерге дер кезінде қажетті қолдау көрсетудің дағдыларын меңгеру бойынша оқытылатын болады.

Бұл жұмыс Шымкент қаласы әкімдігі мен қалалық білім бөлімінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Шымкентте «2019 жылға дейін балалар мен жасөспірімдердегі суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша Жол картасын» іске асыру шеңберінде Шымкентте «Денсаулық пен өмірлік дағдыларды қалыптастыру, сондай-ақ суицидтің алдын алу» бағдарламасы іске қосылды.

«AQ-QARA.KZ  - ақпарат»

Read 1491 times