Түркістан облысы: Мақтаарал жастары мақтауға лайық

Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ жанынан құрылған еріктілер клубының мүшелері мен ауданның белсенді жастары аудандағы кенттер мен ауылдық округтерде тұратын жалғызбасты қарттар мен асыраушысы жоқ ата-әжелерге, аз қамтамасыз етілгендер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қолұшын созып, көмек беруді күн тәртібінен түсірген емес. 

Түлкібаста жыл соңына дейін 312 пәтер пайдалануға берілмек

Өткен жылы Түлкібас ауданында жалпы тұрғын үй кезегінде тұрған 158 жанұяға жаңа пәтер кілті табысталған болатын. Бүгінгі таңда тұрғынүй алуға өтініш берген 1974 азаматтың сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында аймақта жүйелі түрде жұмыстар жүргізілуде.Нәтижесінде жыл соңына дейін 312 пәтер пайдалануға берілмек.

Түркістан облысы: мақтааралдықтар 7-20-25 бағдарламасы аясында баспанаға ие бола алады

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы құрылыстың ордасына айналып үлгерді. Қазір аудан орталығы Мырзакент кентінде жүргізіліп жатқан абаттандыру, жарықтандыру жұмыстары мен жол, аяқжол құрылыстары сөзіміздің айқын дәлелі болмақ. Мұндай жұмыстар Атакент кенті мен ауданның барлық елді мекендерінде алдағы уақытта атқарылатын болады.

Арыс қаласының тұрғындарына 100 мың теңгені алу үшін банк карточкалары таратыла бастады

100 мың теңге тіркеуде тұрғандарға түгел таратылады. Анықталған 55 мыңнан астам адам 12 тамыздан бастап қаражатқа қол жеткізеді. Бүгінгі таңда екі ауылдық елді мекен мен Арыс қаласындағы 17 секторда банк карточкалары таратылуда. Қызылорда, Жамбыл және Шымкент қаласынан «Халық банкінің»  120 қызметкері Арысқа арнайы келіп жұмыс жүргізуде. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев, ақшаны алудың тәртібін түсіндірді.

Арыс қаласында 67 көше жөнделіп жатыр

Арыс қаласының жалпы ұзындығы 272,3 шақырымды құрайтын көшеге зерделеу жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде, 17 сектордың 13-де төтенше жағдайлар салдарынан қала ішіндегі 67 көшенің жамылғысында ақаулар орын алғандығы анықталған.

Түркістан облысы: Келес ауданы орталығында көшелерді орта жөндеу жұмыстары басталды

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында биыл Абай ауылында республикалық бюджет есебінен 23 көшені орта жөндеу жұмыстары қарқын алды. Атап айтқанда, Абай ауылына кіре беріс тұстағы көшелерді жөндеу, А.Мамытбайұлы көшесіне суағар нысандарын жеңімпаз мердігер мекеме тарапынан әкеліп орналастыру жұмыстары жүруде.