Түркістан облысы: Жетісайда «Қауын фест» фестивалі өтеді
24 тамыз күні Жетісай ауданының орталығы Жетісай қаласындағы орталық саябақта Жетісай және Мақтаарал аудандарының бірлесіп ұйымдастыруымен облыстық «Қауын фест» фестивалі өткізілмек.
24 тамыз күні Жетісай ауданының орталығы Жетісай қаласындағы орталық саябақта Жетісай және Мақтаарал аудандарының бірлесіп ұйымдастыруымен облыстық «Қауын фест» фестивалі өткізілмек.
Жаңа оқу жылының қарсаңында Жетісай ауданында 300 орындық бір мектеп ел игілігіне тапсырылмақ. Бұдан бөлек тағы 3 мектептің құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде.
Облыс орталығы Түркістанда жыл соңына дейін 700 отбасы баспаналы болады. Бүгінде шаһарда азаматтарды баспанамен қамту шаралары қарқынды түрде жүзеге асуда. Ол үшін осы жылдың екінші жарытысында қазынадан 6 млрд. теңгеден астам қаржы қаралып, 11 үйдің құрылысы басталған. Одан бөлек қала аумағынан 10 пәтерлі қызметтік 4 үй салынуда.
Бүгінде қаланың жаңа статусына орай алғышарттар жасалып, Түркістанның алдағы уақыттағы даму бағыттары мен шаһардың осы заманғы жаңа келбетін қалыптастырудың тетіктері қолға алынуда. Қонақтар мен туристер ең алдымен шаһардың сәулеті мен көркіне көз тігетіні сөзсіз. Сондықтан басты жұмыстар қаланың келбетіне сын келтіретін бейберекет сауда орындары мен көпшілік көп баратын орталық "Қуаныш" базарының маңындағы ретсіз сауда орындарын талапқа сай ретке келтіру болып отыр.
Сейсенбі күні Төлеби аудандық «Нұр» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «ХХI- ғасырдың үздік зияткер имамы» атты семинар өтті.
12 тамыз – Құрылысшылар күні Мақтаарал ауданында салтанатты түрде аталып өтті. Аудан әкімі Бақыт Асанов ауданның ардагер құрылысшылары мен қызметте жүрген құрылысшылардың басын қосып, ақ дастархан жайды.
Түркістан өңірлік коммунакиялар қызметінде Құрабан айт мерекесіне дайындық барысы, осы мейрамның мән-мағынасы мен ерекшелігін түсіндіру бағытында баспасөз мәслихаты өтті. Жиында Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, Түркістан қаласы бойынша кеңсе басшысы Наурызбай қажы Өтпенов бұл мерекеде құрбандық шалу мұсылман үшін уәжіп екенін жеткізді. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап.
Түркістан облысы әкімдігінің селекторлық мәжілісінде мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы, өңірдің жылыту маусымына әзірлігі және Түркістан қаласын дамыту мәселесі сөз болды. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев тиісті сала басшылары мен аудан, қала әкімдеріне жаңа оқу жылына дайындық мәселесін назарда ұстау керектігін айтты. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап.