Түркістан қаласында бес жұлдызды қонақ үйдің құрылысы басталады

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Қала күні» мерекесінің қарсаңында «RIXOS KHADISHA TURKESTAN» бес жұлдызды қонақ үйінің капсуласын салу рәсіміне қатысты. Онда қонақ үй кешенін жобасымен танысып, құрылыс жұмыстарын салтанатты жағдайда бастап берді. Жиында барысында аймақ басшысы атқарылып жатқан бұл шаралар - Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени астанасы етудің алғы шарты екенін атап өтті.

Түркістанда фронт-офис ашылды

Түркістан қаласында экономикалық соттың жанынан фронт-офис ашылды. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолға алынған бастаманың мақсаты - халыққа сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігін іс жүзінде қамтамасыз ету. Жаңадан жұмысын бастаған нысанның ашылу рәсіміне Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, қызмет көрсету орталығын аралап көрді.

Түркістан облысы: Төлеби ауданында биыл 16 мың тұрғын жұмыспен қамтылған

Төлеби ауданы халықты жұмыспен қамту саласында ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Жыл басынан бері жұмыспен қамтылғандар саны 16 мыңнан асқан. Жаңадан ашылған жұмыс орындарының саны да арта түскен. Осы мәселелер таяуда Төлеби ауданыны Елбасы Жолдауын насихаттауға келген арнайы топпен кездесуде әңгіме арқауы болды.

Түркістан облысы: Келес ауданында «Рухани келісім» күні аталып өтті

Келес ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастырумен 18 – қазан «Рухани келісім» күніне орай, Келес ауданының Абай ауылындағы №13 колледждің кіші футбол алаңында діни бірлестіктер арасында татулықты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Рухани келісім – бейбітшілік кепілі» атты спорттың кіші футбол түрінен сайыс өтті.

Созақ ауданында «Алтын күз – 2018» ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі өтті

Созақ ауданының орталығындағы «Даңқ» саяжолында «Алтын күз» ауыл шаруашылығы саласының қорытынды жиыны өтті. Оның аясында арзан бағада азық түлік өнімдерінің жәрмеңкесі, асыл тұқымды мал басының көрмесі, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, үздік өнім алған шаруа қожалықтарымен ауыл окуг әкімдіктері, үздік ауыл шаруашылық мамандары марапатталды. 

Түркістан облысы: Жансейіт Түймбаев діни конфессия өкілдерімен кездесті

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «18 қазан – Рухани келісім күні» мерекесіне орай, өңірдегі діни конфессия басшыларымен кездесіп, жиналғандарды атаулы мейраммен құттықтады. Өңір басшысы елімізде дінаралық татулықтың күн санап салтанат құрып келе жатқанын айтып, оның нақты дәлелі ретінде таяуда Астанада «Діни көшбасшылар қауіпсіз әлемде» тақырыбында алтыншы рет өткен әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезіндегі Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың сөзін мысал етті.