Шымкент: «Бекжан» базары маңындағы жолайрық қашан пайдалануға берілмек?
Шымкент қаласы әкімдігіндегі жауаптылар «Бекжан» базары маңындағы жолайрықты биыл пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Жұмысшылар қазір әрлеу жұмыстарына кірісіп кеткен.
Шымкент қаласы әкімдігіндегі жауаптылар «Бекжан» базары маңындағы жолайрықты биыл пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Жұмысшылар қазір әрлеу жұмыстарына кірісіп кеткен.
Темірлан тасжолы мен Мангелдин көшесінің қиылысындағы жаяу жүргіншілерге арналған жерүсті өткелінің сақалды құрылысқа айналғанына біраз жыл болды. Қала тұрғындары бұл нысанның қашан пайдалануға берілетініне бүгінде тіпті алаңдай бастады.
Шаһарға таяуда жаңа автобустар әкелінген болатын. Қазір солардың бірқатары қаланың орталық көшелерімен, біразы шеткері орналасқан елді мекендерге қатынап жүр. Әйткенмен жауаптылар жаңа автобустардың легі мұнымен тоқтамайтынын айтады.
Таяуда ғана қалаға жаңа автобустар жеткізілген-ді. Міне, сол қоғамдық көліктер әлеуметтік маңызды саналатын 3 бағыт бойынша 11 шілдеден бастап жолға шықты.
Қошқарата өзенінің жағалауын абаттандыру жұмыстарынан кейін қаланың тарихи ғимараты саналатын баяғы «Арал» мейрамханасын қайта жаңғыртуға кезек келді. Ұлы Отан соғысы бітісімен-ақ бой көтерген мейрамхана ғимараты қандай мақсатта пайдаланылмақ және жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?
Қалалық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасын Қуатжан Жұматаев басқарады. Ол бұған дейін қалалық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімін басқарып келген еді.
Шымкент қаласындағы 128 мектептің барлығында "Күнделік" электронды журналы мен күнделік жүйесі енгізілген. Соның нәтижесінде шаһардағы оқушылар арасындағы тәртіп бұзушылық деңгейі 75%-ға азайды.
Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты төмендегі әлеуметтік желілер арқылы сын-ескертпелер мен өтініштер қабылдайтынын аудан тұрғындарының назарларына ұсынады:
Шымкент қаласының әкімдігі жолаушылар тасымалдау саласын дамыту мақсатында «Диспетчерлік қызмет орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесін 100%-ға кеңейтуді жоспарлап отыр.
Шымкент қаласында субұрқақтардың қарасы қалыңдайтын түрі бар. Маусым басталғалы іске қосылған 23 субұрқақ бүгінде кестеге сай жұмыс істеп тұр. Мамандар әрбір субұрқақтың қосылуынан бастап ұңғымасының таза болуына шейін қадағаланып отыратынын айтады.