Шымкентте бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдар жәрмеңкесі өтті

 

Шымкент қаласында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдар жәрмеңкесі өтті. Бұл іс-шараға облыстағы алпыс шақты мемлекеттік мекемелер қатысқанын айта кетейік.

Аталмыш жәрмеңкеге өңірдегі жоғары және орта оқу орындарының бітіруші түлектері мен жұмыссыздар шақырту алыпты. Қалай десек те, соңғы жылдары мемлекеттік қызметке кіргісі келетіндердің қатары артып келе жатыр. Оның бірнеше себебі бар; жалақының жыл өткен сайын көбеюі, мемлекеттік қызметкерлер үшін қарастырылған жеңілдіктердің болуы, т.с.с.

Жәрмеңкеде жергілікті және аумақтық мемлекеттік органдардағы бос жұмыс орындары ұсынылды. Оның ішінде аудандық, қалалық әкімдіктердегі бос орындар да бар екен. Басты мақсат – мемлекеттік қызметтің оң иммиджін қалыптастыру, шығармашыл, жаңаша ойлай білетін белсенді жастарды мемлекеттік қызметке тарту, жұмыссыздар армиясының санын азайту болып табылады.

Бүгінгі таңда, мемлекеттік қызметте жұмыс істейтіндердің айлық еңбекақысы 60 мың теңгеден бастап, 600 мың теңгеге дейін жетеді. Осының өзі жұмыс іздеген білімді жастарды қызықтырары сөзсіз. Оның үстіне, қызметте өсіп, карьера жасауға мол мүмкіндік ашылатыны даусыз. Жәрмеңкеге жиылған қауым осыны түсіне бастаған секілді.

«AQ-QARA.KZ – ақпарат»

 

Жансейіт Түймебаев – Түркістан облысының тұңғыш әкімі!

Бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев пен Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков жаңадан құрылған Түркістан облыстық мәслихатының сессиясына қатысып, Үкімет жетекшісі Түркістан облысының әкімі лауазымына Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевты тағайындау туралы ұсынысы жазылған Елбасының облыстық мәслихат депутаттарына жолдаған хатын оқып берді. Дауыс беру қорытындысы бойынша депутаттар Президент ұсынған кандидатураны бірауыздан қолдады. 

Шымкентте құқықбұзушылық 12 пайызға төмендеді

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінде мегаполистегі құқықбұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында алқалы жиын өтті. Мәжілісті Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай жүргізіп отырды

Нұрлан Сауранбаев Шымкенттің республикалық маңызға ие қала атануымен құттықтады

Құрметті шымкенттіктер! Қадірлі жерлестер!

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Шымкентке республикалық қала дәрежесін беру туралы Жарлыққа қол қойғанын баршамыз асқан қуанышпен қарсы алып отырмыз. Осы сәттен бастап елімізде үшінші мегаполис, он жетінші аймақ пайда болды. 

Шымкенттің жастары «Жасыл елге» үлес қосуда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей бастамасымен қоршаған ортаны көгалдандыру, табиғатты қорғау, жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту мақсатында 2005 жылы «Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламасы дүниеге келген болатын. Бүгінгі таңда аталмыш бағдарлама Шымкент қаласында қарқынды жүзеге асырылып келеді. 

«Шымкент – миллионды қала» құрметіне мотошеру ұйымдастырылды

Шымкенттің миллион тұрғыны бар, республикалық маңызға ие қала мәртебесін алу құрметіне орай мотошеру ұйымдастырылды. Ұйымдастырушы – «Шымкенттің байкерлері» қауымдастығы мен қала әкімдігі. Шараға 30 шақты мотобайкер белсенді атсалысты. 

Шымкент: жергілікті билік үш ауысымды мектептерді болдырмауға күш салуда

Үш ауысымды мектептердің пайда болуы мүмкін екендігінің себебін мамандар бала санының артуымен байланыстырып отыр. Тіпті орынның жетіспеуінен жеке ғимараттарды жалға алуға мәжбүр екен. Әйткенмен тығырықтан шығудың жолын іздеген қалалық білім бөлімінің қызметкерлері қазынадан қыруар қаржы бөліп, тозығы жеткен мектептерді күрделі жөндеуден өткізуге кіріскен. Олар мүмкіндігінше білім ұясының аумағында қосымша құрылыс жүргізуді жоспарлапты.