Түркістандағы экологиялық жағдай талқыланды
Түркістандағы көпқабатты үйлерде сығымдалған газ баллондарын пайдалануды тоқтату керек. Сонымен қатар қаладағы моншалар мен өзгеде кәсіпкерлік нысандардың резеңке жағуына тыйым салынған жөн. Ол үшін қалалық полиция және төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының мамандары жоғары деңгейде жұмыс жүргізуі тиіс. Сонда ғана шаһар көк түтіннен құтылып,экологиялық жағдай реттеледі. Қала әкімінің төрағалығымен өткен кезекті жиында осы мәселе айтылды.