Түркістанда «Рухани керуен» жобасының мүшелерімен кездесу өтті

Түркістанға «Жер жәннаты – Жетісу жерінен Түркі халықтарының киелі мекені – Түркістан өңіріне» атты Рухани керуен сапары келді. Түркістан және Алматы облыстық мәслихаттарының қолдауымен, Алматы облысының дін істері басқармасы мен Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы ұйымдастыруымен өткізілген келелі кездесуде қонақтар мен түркістан жұртшылығы пікір алмасып, тағылымды оймен бөлісті.

Түркістан облысы: Отырарда қоғамдық кеңестің отырысы өтті

Отырар аудандық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы болып өтті. Жиынды кеңес төрағасы Аралбай Асан ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібінде аудандағы 9 ай көлеміндегі денсаулық сақтау саласындағы атқарылып жатқан жұмыстардың барысы жан-жақты талқыланды.

Түркістан облысы: Келес ауданы басшылығы Жамбыл жұртшылығымен кездесті

Аудан әкімі Ақментай Есбаев пен «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Ахмет Жұмабеков тиісті  бөлім және мекеме басшыларының қатысуымен аудан орталығынан шалғай орналасқан Жамбыл ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізді

Түркістан облысы: Келес ауданы басшылығы Бозай жұртшылығымен кездесті

Аудан әкімі Ақментай Есбаев пен «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Ахмет Жұмабеков аудан орталығынан шалғай орналасқан Бозай ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуге аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы, полковник Шырынбек Оңғаров, тиісті бөлім және мекеме басшылары қатысты. 

Туркестанская область: Аким Тюлькубасского района проведет прием граждан

«Глава Государства Касым-Жомарт Токаев в своем Послании народу Казахстана от 2 сентября 2019 года «Конструктивный общественный диалог – основа стабильности и процветания Казахстана» обратил особое внимание продвижению концепции «Слышащего государства», цель которой установление прямого контакта с населением. В связи с этим, во всех государственных органах запланировано проведение 21 ноября текущего года Общереспубликанского единого дня приема граждан (день открытых дверей)», передает информационное агентство «AQ-QARA.KZ» со ссылкой на пресс-службу акима Тюлькубасского района. 

Түркістан облысы: Төлеби ауданы әкімі қоғамдық қабылдау өткізді

Бүгін Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауға бірінші болып келген Несібелі Есенбекова жеке шығармашылық кешін өткізу үшін демеуші керектігін айтса, Бірінші Мамыр ауылдық округінің тұрғыны Мамыт Билибаев көше бойындағы электр бағанасының ескіргенін жеткізіп, ауыстырып беруін сұранды. 

Түркістан облысы: Түлкібас ауданының әкімі азаматтарды қабылдайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ағымдағы жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына ерекше назар аударды. Ондағы басты мақсат халықпен тікелей қатынас орнату болып табылады. Осыған байланысты мемлекеттік органдарда Республикалық бірыңғай азаматтарды қабылдау күнін (ашық есік күнін) биыл 21 қарашада өткізу жоспарланды.