Түркістан облысы: Сарыағаш ауданы әкімі азаматтарды қабылдайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ағымдағы жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына ерекше назар аударды. Ондағы басты мақсат халықпен тікелей қатынас орнату болып табылады. 

Түркістан облысында президенттің халыққа арнаған Жолдауы қарқынды жүзеге асуда

ҚР Президентінің халыққа арнаған Жолдауын түсіндіру мақсатында Түркістан облысына келген жұмысшы топ өңірдің жұртшылығымен кездесті. Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған топ мүшелері облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев пен басқарма басшылары, ардагерлер мен көпбалалы отбасылар, зиялы қауым мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет саласының қызметкерлері мен жастар, бизнес және азаматтық қоғам өкілдері бас қосқан жиында Жолдаудың басым бағыттары мен мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асу барысын баяндап өтті.

Түркістан: Келес ауданында әкімдік ғимараттары «Open space» үлгісінде жұмыс істеуге көшуде

Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігіне қарасты Бірлесу ауылдық округі әкімінің аппараты жаңа ғимаратқа көшуде. «Open Space» – ашық кеңістік үлгісіндегі жаңа қабылдау бөлмелері бірінші қабатта орналасқан әрі қабырғасы әйнектен жасалған.

Түркістан облысы: Шардара ауданы әкімінің азаматтарды қабылдау күні белгіленді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ағымдағы жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына ерекше назар аударды. Ондағы басты мақсат халықпен тікелей қатынас орнату болып табылады. 

Түркістан облысы: «Адал жолды таңдаймыз» эстафетасы Қазығұрт ауданында

«Түркістан - Адалдық алаңы» Жобалық кеңсесімен бастау алған жастар арасындағы «Адал жолды таңдаймыз» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық марафон эстафетасының туы Сарыағаш ауданынан Қазығұрт ауданына жолданды.

Түркістан облысы: Өмірзақ Шөкеев облыс орталығындағы құрылыс алаңдарын аралады

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы қазаны қайнаған құрылыс алаңдарын аралап шықты. Өңір басшысы алдымен құрылысы жүріп жатқан «Turkistan» индустриалды аймағында болды. Мұнда Польша мен Түркия елдерінің инвесторлық компаниялары құрылыс заттары мен төмен қуатты созба сым өндіру желісін іске қоспақ.

Түркістан бүкіләлемдік ұйымға мүше болды

Түркі жұртының рухани астанасы саналатын Түркістан үшін сәрсенбінің сәтті күні тарихтағы айтулы датаға айналды. Олай дейтініміз, бүгін рухани шаһар бүкіләлемдік «Біріккен қала және жергілікті билік» атты ұйымға мүше болды.