Түркістан: Арыста оқ-дәрілердің жарылмаған бөлшектерін жою жұмыстары жалғасып жатыр

Бүгін Арыс қаласын қалпына келтіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде брифинг өтті. Жиында  ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілі, полковник Қайыргелді Хусаинов Арыс қаласынан 60 шақырым қашықтықта мамандардың күшімен оқ-дәрілердің жарылмаған жалғыз бөлшектерін жою жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді. Сонымен бірге ол тұрғындарды расталмаған жалған ақпараттарға сенбеуге және таратпауға шақырды.

Түркістан облысы: Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Бүгін, яғни 11 шілде күні еліміздің басқарушы  – «NUR OTAN» партиясының Сарыағаш аудандық филиалы, мемлекеттік қызмет, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының Сарыағаш аудандық филиалы, «Атамекен» Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасының Сарыағаш аудандық филиалы мен Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Арыс қаласы 1 тамызға дейін қалпына келтіріледі

Арыс қаласындағы зақымданған тұрғын үйлерді қалпына келтіру үкімет басшысының тікелей назарында. Бүгінгі таңда Арыстағы шаруаны үлесіне алған кейбір өңірлер құрлыс жұмыстарын кенжелетіп отыр. ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Арыс қаласына жасаған сапар барысында жұмысы баяу өңір өкілдерін сынға алды.

Түркістан: «Жас кәсіпкер» бағдарламасы аясында 5 мың жас кәсіпкерге несие берілмек

Жастар жылы аясында елімізде «Жас кәсіпкер» бағдарламасы қолға алынғаны белгілі. Соның нәтижесінде биыл 5 мың жас азаматқа несие беріледі. Мемлекеттік қолдаудың арқасында іскер азаматтар өз ісін ашып, кәсібін дөңгелете алады. Бұл туралы Түркістанға іс-сапармен келіп, жастармен кездескен Парламенті мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев айтып берді.

Түркістан: медицина мамандарына медиацияның мәні түсіндірілді

Бүгін Түркістан облыстық «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында медиаторлардың біліктілігін арттыру мақсатында арнайы жиын өтті. Жиынды облыстық ҚХА төрағасының орынбасары-хатшылық меңгерушісі Ғ.Рысбеков ашып, медиация саласында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Арыс қаласындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Арыс қаласындағы зардап шеккен үйлерді, әлеуметтік нысандар мен инженерлік желілерді қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысу мақсатында  жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды. ҚР Үкіметінің басшысы өңірлік штабтар жұмысын тексеріп, «Көктем-1», «Көктем-2» ықшам аудандарындағы тұрғын үйлердің, мектеп, балабақша, темір жол вокзалы ғимараттарының, қалалық аурухананың қалпына келтірілу қарқынын көрді. ҚР Премьер-Министрі сонымен қатар Халыққа қызмет көрсету орталығына барды. Түркістан облысының штабында Асқар Маминге Арыс қаласының тұрғындарына 100 мың теңгеден өтемақы төлеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндалды.

Түркістан: медициналық көмек көрсету жүйесі өзгереді

Қазіргі таңда Медициналық сақтандыру қорына еліміз бойынша 186,2 млрд. теңге көлемінде жарна аударылған. Жинақталған жарнаның 5,7 пайызы Түркістан облысының үлесіне кіреді. Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталып, 2020 жылдан бастап МӘМС шеңберінде көрсетілген қызметтер ақысын төлеуге жұмсалмақ. Бұл туралыТүркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаев мәлімдеді.