Жетісай ауданы Ақтөбе ауылында жаңа мектеп пайдалануға берілді
Жетісай ауданына жұмыс сапарымен келген Жансейіт Түймебаев Құзылқұм ауылдық округіне қарасты Ақтөбе елдімекеніндегі 300 орындық жалпа орта мектептің ашылу салтанатына қатысты.
Жетісай ауданына жұмыс сапарымен келген Жансейіт Түймебаев Құзылқұм ауылдық округіне қарасты Ақтөбе елдімекеніндегі 300 орындық жалпа орта мектептің ашылу салтанатына қатысты.
Жұма, 24 тамыз күні Жетісай ауданы, Жетісай қаласындағы орталық саябақта «Қауын fest» облыстық фестивалі өтті. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жағыруы» бағдарламасы аясында тұңғыш рет өткізіліп отырғаy фестивальге облысымыздың аудандары мен қалаларынан және еліміздің өзге өңірлерінен де қонақтар келіп қатысты.
Бейсенбі, 23 тамыз күні Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Келес ауданында барды. Онда әуелі Достық елді мекеніндегі «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Өткен бейсенбі, яғни 23 тамыз күні Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Сарыағаш ауданында болды. Өңір басшысы Сарыағаш ауданы, Ақжар ауылдық округінде орналасқан 600 орындық орта мектептің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Облыс әкімі мемлекет тарапынан білім саласына көңіл бөлініп жатқанын, білім ұяларының саны артқанын айта келе жаңа мектептің ұстаздары мен оқушыларына сәттілік тіледі.
Түркістан қаласында өткен облыстық Тамыз кеңесінде облыс басшысы Жансейіт Түймебаев ұстаздардың әлеуметтік жағдайын көтеру мәселесіне тоқталды. Ұстаз бедеді — мемлекет беделі екенін атап өткен ол білікті маман, отаншыл азамат тәрбиелеу үшін мұғалімдердің білімі мен қайраты мол болу керектігін айтты. Облыста түлеп ұшып, өзге өңірлерде қызме етіп жүрген білікті мамандар мен педагогтарды туған жерге шақыру керектігін жеткізді.
Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 39 мектеп бітіруші түлекке жоғары оқу орындарына жолдама берді. Оларға оқуда озат болуды, сапалы білім алып, елге қызмет етуге шақырды.
Парламент Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Берік Серікұлы Оспанов арнайы іссапармен Созақ ауданында болды. Халық қалаулысы өз сапарын Созақ ауылында облыстық бюджет есебінен салынып жатқан №1 колледж ғимараттарының құрылыс жұмыстарымен танысудан бастады.
Сәрсенбіде Түркістан облысының орталығы — Түркістан қаласында білім беру қызметкерлерінің Тамыз кеңесі өтті. Жиынға аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары, ұстаздар, білім саласының ардагерлері, облыстық мәслихат депутаттары және өңір басшысы Жансейіт Түймебаев қатысты. Кеңесті облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков жүргізіп отырды. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап.
Сәрсенбіде Үкіметтің селекторлық отырысы өтті. Күн тәртібінде Индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының ағымдағы жылдың алты айында іске асырылуы, жылыту маусымына дайындық барысы және 2018-2019 оқу жылының басталуына дайындық мәселелері қаралды. Аталмыш салалар бойынша Премьер-Министр Б.Сағынтаев министрлер мен облыс басшыларының баяндамасын тыңдады. Жаңа оқу жылына дайындық бойынша Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев аталған саладағы мәселер облыс әкімдігінің толық бақылауында екендігін жеткізді. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап.
Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ Түркістан облысының жұртшылығын мұсылман қауымы үшін қастерлі мерекемен құттықтады.