Түркістан облысында 6 айда 300-ден астам кәсіпкерге несие берілген

Түркістан облысында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында 300-ден астам кәсіпкерге несие берілген. Жалпы, осынау жұмыстарға 2018 жылға 3,282 млрд теңге қаржы қаралып, несиелендіру жұмыстары жүргізілуде екен.

Түркістан облысының әкімі жасанды талшық өндіретін зауыттың құрылысымен танысып қайтты

Таяуда Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Бадам» индустриялды аймағында орналасқан «Полиэтилентерефталат (ПЭТ) қалдығының жасанды талшығы өндірісі» зауытының жүру барысымен танысып қайтты.

Түркістан облысында атаулы әлеуметтік көмек алған отбасылардың саны 24 мыңнан асқан

Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 2018 жылдың І жарты жылдығына дейін 24 мыңнан астам отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындаған. 24 мың отбасы, яғни, ондағы 139,5 мың адамға қазына қаржысынан 7639,2 млн. теңге қаралып, оның ішінде, 127,5 мың адамға (91,4%) шартты ақшалай көмек, 12 мың адамға (8,6%) шартсыз ақшалай көмек тартылған.

Түркістан облысында «Жасыл ел» бағдарламасымен жұмыс істеп жатқан жастардың саны 500-ден асады

Түркістан облысында жазғы демалыс кезінде қосымша қаржы тауып, «Жасыл ел» еңбек жасағының қатарында жүрген жастардың саны жыл санап артып келе жатқаны белгілі. Биылғы жылдың маусым айынан бастап қолға алынған шарада бүгінге дейін 500-ден астам студент еңбек етіп, аймақтағы түрлі нысандардың абаттандырылуына атсалысып келеді.

Түркістан мен Ташкент облыстары ортақ туристік бағдар құрмақ

Жағымды жаңалық! Жақында Түркістан мен Ташкент облыстары ортақ туристік бағдар құратын болады. Екі көне шаһардың арасында саяхатшыларды тасымалдайтын Түркістан-Ташкент, Ташкент-Түркістан туристік автобус бағыттары ашылып, екі елдің туроператорлары Халықаралық көрмелерде бір стендте бірлесіп қатысатын болады. Мұндай келісімге «Ontustik Tourism Center» Туристік Ақпараттық орталығы Ташкент қаласында ұйымдастырған  «Жібек жолындағы туризм – WorkShop» іс-шарасы аясында қол жеткізілді.

Түркістанға қарасты 12 ауылдық округ Кентау қаласының аумағына өтетін болды

Мұндай шешім таяуда Түркістан облысында өткен облыстық мәслихаттың сессиясында қабылданды. Облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХVІІІ сессиясында мәлім болғандай, Түркістан қаласындағы 721745 га аумақ жер, яғни, 12 ауылдық округ Кентау қаласының аумағына өтетін болды.

Шымкент пен Астана қалаларының іскерлік байланысы дамиды

28 шілде күні Шымкенттегі Астана күндері басталды. Елорданың 20 жылдығына арналған іс-шара аясында қаламызда Астанадан іскерлік делегация келді. Шымкентте жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысқан делегация мүшелері одан кейін «Астана – Шымкент өңіраралық байланысы» бизнес-форумына қатысты. 

Шымкентте рұқсат етілмеген қоқыс полигондары табиғатқа 2 млрд теңге зиян келтірген

Облыс прокуратурасы қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау және көму бойынша іс-шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың заңға сәйкестігі туралы тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша қоқыстарды жинау мен тасымалдаудан бастап оны көмуге дейінгі барлық кезеңдерінде заңбұзушылықтар анықталыпты.