Түркістан облысы: Кентау қаласы әкімі заманауи зертхананың ашылуына қатысты
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың Кентау институты қабырғасында заманауи, озық үлгідегі ғылыми зертхана кабинеттері пайдалануға берілді. Бұл бастама аталмыш оқу ордасы сенатының шешімімен және «Кентау Трансформатор Зауыты» АҚ қолдауымен жүзеге асып отыр. Ашылған зертхана кабинеттерінің бірі «Alageum Lab» және екіншісі Ілияс Қожабаев атындағы Smart Sensor Systems кабинеті атауына ие болды. Иновациялық жүйедегі заманауи жабдықтармен жабдықталған зертхана құрылымы электро-энергетика, автоматизация және басқару білім беру бағдарламаларының траекториясына сәйкес студенттерге және ғылыми жұмыстар жүргізу үшін магистранттар мен докторанттарға арналған.
- Published in Наука-образование