Түркістанда «100 аңыз» атты кітап жарық көрді

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің қолдауымен жарық көрген «100 аңыз» кітабында әр түрлі кезеңдерде хатқа түскен, сондай-ақ ел ішінде ауызша айтылып келген халқымыздың аңыз-әфсаналары жинақталған.Кітап өзінің деректілігімен, бұрын соңды жарияланбаған тың мәліметтерімен құнды. Жинақ ғалым-мамандарға, оқытушыларға, жоғары оқу орнының студенттері мен жалпы көпшілік қауымға арналған.

Қазығұрт ауданының 90 жылдығына орай ғылыми-теориялық конференция өтті

Таяуда Қазығұрт ауданының 90 жылдық мерейтойы атап өтілгені белгілі. Осыған орай ұйымдастырылған «Қазығұрт – адамзаттың рухани шыңы» атты ғылыми-теориялық конференцияда өңір басшысы Жансейіт Түймебаев «Қазығұрт қарыштап дами бермек», - деді. 

Түркістан облысы: Қазығұртта Coworking орталығы ашылды

«Нұр Отан» партиясының «Қазақстан кітапханалары – заманауи білім Орталықтары» партиялық жобасы аясында, Қазығұрт ауданының 90 жылдық мерейтойы қарсаңында ауданның қақ ортасында орналасқан Қ.Өміралиев атындағы аудандық орталық кітапхана базасында, Қазығұрт ауданында алғаш болып коворкинг орталығы ашылды.

Түркістан облысы: Отырар ауданында ұстаздар күні аталып өтті

Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов аудан мұғалімдерін мерекелерімен құттықтап, ұстаздардың мәртебесін көтеру және педагог қызметкерлерінің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыру жұмыстарының маңыздылығын сөз етті. 

Созақ ауданының 90 жылдығына орай ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Созақ ауданының 90 жылдығына орай Шолаққорған ауылы «Мыңжылқы» мәдениет сарайында «Созақ-жыр, Созақ-сөз, Созақ-өнер» атты ғылыми тәжірибелік конференция өтті. Айтулы жиында алғашқы болып сөз алған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Созақ өңірінің қазақ тарихындағы рөліне тоқталып, өңір тұрғындарын ауданның мерейтойымен құттықтады.

Француз ғалымдары Түркістанның туристік әлеуетіне жоғары баға берді

Орта Азия мемлекеттерін зерттеп жүрген атақты француздық ғалымдар Түркістан қаласына келді. Қонақтар әуелі XIV ғасырдың соңында тұрғызылған Қ.А.Ясауи кесенесі мен ондағы жәдігерлермен танысты. Кейін ғалымдар орта ғасырда өзінің берік қамалымен мәшһүр болған Сауран қаласына ат басын бұрды.

Түркістан облысы: Келес ауданының мұғалімі – «Үздік педагог-2018» республикалық байқауының жеңімпазы

Педагогтардың қоғамдағы мәртебесін және беделін арттыру, үздік мұғалімдердің озық педагогикалық іс-тәжірибесін тарату мақсатында 2012 жылдан бастап жыл сайын республикалық «Үздік педагог» конкурсы өткізіліп келеді. Биыл «2018 жылдың үздік педагогы» атағын тағайындау бойынша Астана қаласында "Үздік педагог" республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды.