Түркістанда ақсақалдар бата беруден жарысты

"Ақ баталы Абыз-2019". Осындай атаумен Түркістанда батагөй қариялар байқауы өтті. Оған киелі шаһарда тұратын бір топ ақсақал қатысты. Шараның басты мақсаты - атадан балаға жеткен бата беру үрдісін жалғастыру, бай мұрамызды жаңғырту арқылы жастарды елін, жерін сүюге тәрбиелеу. 

Түркістанның руxани керуені – Қазығұртта

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен жолға шыққан "Түркістанның руxани керуені" Қазығұрт ауданына аялдады. Бұл жолы бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері Біржан Жақыпов пен Сайрам ауданының бас имамы Темірбек Сейдахмет қазығұрттықтармен кездесті. 

Түркістан облысы: Рухани керуен мүшелері – Сарыағаш ауданында

Бүгін Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде «Түркістанның рухани керуені» тақырыбында кездесу өтті. 

Түркістанның рухани керуені – Келес ауданында

Бүгін Келес ауданда Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, еркін күрестен Қазақстанның 4 дүркін чемпионы, Лондондағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Таңатаров Ақжүрек Достықұлы және әнші Медеуов Саят Қабылұлы болып, аудан жұртшылығымен кездесті. 

Түркістанның рухани керуені – Шардара ауданында

Бүгін Шардара аудандық мәдениет сарайында облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Түркістанның рухани керуені» атты кездесу өткізілді. 

Түркістанда «Менің Елбасым» мәдени-танымдық шарасы басталды

Тұңғыш Президент күніне орай Түркістанда «Менің Елбасым» атты апталық мәдени-танымдық шарасы басталды. Онда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өнегелі өмірі мен Тәуелсіз еліміздің өркендеу жолында атқарған ерен еңбегі ел назарына ұсынылды. 

«Түркістанның рухани керуені» - Отырар ауданында

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен облыс көлемінде «Түркістанның рухани керуені» тақырыбы аясында өтіп жатқан кездесу жиыны Отырар ауданында жалғасты. Осыған орай бүгін боксшы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, аса ауыр салмақта Олимпиада ойындарының және әуесқой бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия біріншіліктерінің чемпионы, «Парасат» орденінің иегері Мұхтархан Ділдәбеков отырарлықтармен кездесті. 

Түркістан облыстық «Жайдарманның» финалдық кезеңі өтті

Түркістанда облыстық «Жайдарман» сайысының финалдық кезеңі өтті. Жастардың бойындағы мәдениеттілікті, рухани-адамгершілікке, өнерге, білімге деген шығармашылық ізденістерін дамытуды көздейтін шараға облыстық қоғамдық даму басқармасы қолдау білдіріп және «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйытқы болды. Ондағы мақсат – ел келешегі саналған жастардың танымдық қызығушылығын, сахна мәдениетін, өзін-өзі тану қабілетін қалыптастыру және талантты жастарға қолдау көрсету.