Түркістанда «Оńtústik» телеарнасы жаңа жобаларын таныстырды
Кешегі жұмада Түркістан қаласында «QAZAQSTAN» республикалық телерадиокорпорациясының облыстық филиалы — «Ońtústik» телеарнасының жаңа маусымдағы бағдарламаларының таныстырылымы өтті. Салтанатты шарада Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков, ардагер журналист Байдулла Қонысбек, танымал жазушы Мархабат Байғұт және «QAZAQSTAN» РТРК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары C.Егізбаев құтықтау сөз сөйледі. «Ońtústik» телеарнасының директоры Б.Бердімұратов жаңа жобалар туралы айтып берді. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап.