Түркістан облысы: Түлкібас ауданында «Ана мен бала» монументі ашылды

Түлкібас ауданында «Тұңғыш Президент» саябағының алдынан демеушілер есебінен «Ана мен бала» монументі бой көтерді. Монумент ауданның тумасы, Ұлы Отан соғысының ардагері Жайлау Піралиевтің балалары мен немерелерінің қаржыландыруымен іске асқан. Мәдени нысанның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Е.Күзембаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы мен аналар кеңесінің төрайымы, зиялы қауым мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. 

Түркістан облысы: Кентау қаласында ерекше кітапхана бар

Кеншілер қаласы Кентау тек өндірісті аймақ қана емес, руханият мекені де. Қаратау тәжі атанған бұл қаладан қазақтың маңдайына біткен талай-талай танымал тұлғалар шыққаны белгілі. Ол үрдіс бүгінде сақталып келеді. Оған қаладағы рухани орталықтар мен кітапханалардың да әсер еткені анық. Өйткені, мұнда ғибарат алар мекендер жетерлік және ең ерекше кітапхана да осында орналасқан. 

Түркістан облысы: Жетісай қаласына – 50 жыл!

Жетісай – ел шетінің айбары мен берекенің қайнары болған аймақ. Бүгінде Мырзашөлдің жүрегіне айналған бұл қалаға 50 жыл толып отыр. Қала жұртшылығы жарты ғасырлық мерейтоймен қатар «Алтын күз» мерекесін де дүркірете тойлайды. Сондай-ақ, бұл күні талай- талай таланттың бағын ашқан «Мырзашөл жұлдыздары» атты ән байқауы да болып өтті.

Түркістан: Гауһар ана кесенесі мен Сауран қалашығында Сапар орталығы салынатын болады

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Түркістан облысының мәдениет саласы қызметкерлерімен кездесті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру жөнінде министрлік тарапынан қолға алынған шаралар туралы баяндаған Ақтоты Рахметоллақызы мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеру, бұқаралық спортты дамыту, туризм саласын жандандыру, шетелден келетін туристердің Қазақстанға визасыз кіру мәселелерін де айтып өтті.

Түркістан облысы: Шардара ауданында облыстық ән байқауы өтті

Аудандық «Абай» мәдениет сарайында ауданның 55 жылдық мерей тойына арналған «Шырқалсын Шардараның әндері» атты облыстық ән байқауы өтті. Өнер байқауында негізінен Шардара туралы әндер мен әйгілі сазгер, «Қара бауыр қасқалдақ» әнімен әлемге танымал Лесбек Амановтың әндері орындалды. 

Түркістан облысы: Созақ ауданында «Жігіт сұлтаны-2019" байқауының жеңімпаздары анықталды

Бүгін Жастар жылына орай және Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Жартытөбе ауылдық округі әкімдігі және Созақ ауданы ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен "ЖІГІТТЕР, СЕГІЗ ҚЫРЛЫ БІР СЫРЛЫ БОЛ" атты "Жігіт сұлтаны-2019" байқауы өткізілді.