Түркістан: түлкібастық көпбалалы ана атаулы әлеуметтік көмектік арқасында жеке кәсібін ашқан

Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылының тұрғыны, 6 баланың анасы Райхан Жасұзақова атаулы әлеуметтік көмектің игілігін көріп, қазіргі таңда сүйікті кәсібімен айналысуға мүмкіндік алып отыр.

ТҮРКІСТАН: Шардарада тазалық пен ауыз су шешімін тауып келеді

Туризмнің ошағы саналатын шағалалы ауданның орталығында тазалық жұмыстары мен ауызсу мәселесі оң шешімін тапқан. Бүгінде Шардара қаласындағы 5227 үйдің 94 пайызы құбыр суымен толық қамтылған. Қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 1983-жылы салынған су торабына үздіксіз жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Шардаралық шаруа әр гектардан кемінде 60 центнер мақта алуды жоспарлап отыр

Түркістан облысы Шардара ауданындағы «Балтабай» шаруа қожалығы биыл да мақтадан мол өнім алуды жоспарлап отыр екен. Шардара ауданы Көксу ауылдық округінде орналасқан «Балтабай» шаруа қожалығы бүгінде шитті мақта дақылын егіп, табысын арттырып отырған қожалықтардың бірі.

Түркістан облысы: Жетісай ауданында диагностикалық орталықтың құрылысы жүргізіліп жатыр

Жетісай ауданында ауыз толтырып айтарлық жұмыстар жетерлік. Айталық, Жаңаауыл округіне қарасты Ынтымақ ауылында жеке кәсіпкер Бахтияр Шавкеев 2 қабатты диагностикалық орталықтың құрылысын жүргізуде. Аумағы атшаптырым нысанның құрылысы сәуір айында басталған. Бүгінде мұнда 14 құрылысшы үш ауысыммен жұмыс істеуде. 

Түркістан облысы: Арыс қаласында 2680 үйдің құрылыс жұмыстары бітті

Арыс қаласында құрылыс жұмыстары тәулік бойына жалғасу үстінде. Бүгінгі таңда зақымданған және жарамсыз деп танылған 7611 үйдің 4641-інде жөндеу жұмыстары өз уақытымен жүріп жатыр. Оның орындалуы 60,05 пайызға жеткен. Ал біткен үйлер саны 2680, яғни 35,41 пайызды құрайды. Жалпы 17 сектордағы әр облыс өздеріне берілген мерзімде қолға алынған шаруаны аяқтауға жақындап қалған. 

Түркістан облысы: Мақтаарал ауданында 39 елді мекеннің бас жоспары әзірленіп жатыр

Мақтаарал ауданында 2 кент пен 67 елді мекен орналасқан. Ауданды құрылыстың ордасына айналдырып, абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін әрбір елді мекенге бас жоспар керек екені белгілі.

2018 жылғы дейін аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі тарапынан 2 кент және 28 елді мекен оңайлатылған бас жоспармен қамтылған болатын. Ал биыл қалған елді мекендердің барлығын бас жоспармен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылып, барлығы 39 елді мекеннің бас жоспарын әзірлеу жұмыстары жүруде.

Мырзакент кентінің аумағын ұлғайтуға арналған 160 гектар жер теліміне және Жамбыл ауылдық округіне қарасты Жамбыл елді мекенннің аумағындағы "Атамекен" кеден бекеті маңындағы 45 гектар жер телімдеріне де егжей-тегжей жоспарлау жобасы жасалынып жатыр.

Ауданның сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі Мырзакент кенті Қожанов көшесі бойын көгалдандыру, абаттандыру және жарықтандыру бойынша эскиздік жобасын дайындаған. Сонымен қатар Мырзакент кентіндегі орталық аллея, аудандық мәдениет үйі, орталық саябақ, "Жеңіс" алаңына және Жаңа жол а/о, Ақжол елді мекені Қазыбек би көшелерін абаттандыру, жарықтандару үшін эскиздік жобалар әзірленіп, аудан әкімдігіне ұсынған болатын.Бүгінгі таңда осы жобалар бойынша абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Түркістан облысы: кентаулық фабрика жылына 16 млн-нан астам жұмыртқа өндіреді

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Кентау қаласына барды. Онда әуелі «Яссы-құс» фабрикасына аялдады. Шаруа қожалық 2016 жылы жұмысын бастаған. Негізінен жұмыртқа өнімін өндірумен айналысады. Фабрикада 18 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Орташа жалақы 45000-50000 теңге аралығында. Қожалықта 4 жұмыртқалайтын  цех пен құрама жем сақтайтын қойма бар.  Жобаның  құны  – 198 млн. теңге. Қазіргі таңда  голландиялық «Лабраун»  породасынан  – 50 мың дана тауық бар. Фабриканың айлық қуаттылығы – 1 350 000 дана жұмыртқа, ал жылына 16 200 000 дана жұмыртқа шығаруға қауқарлы.