Түркістан: Арыста оқ-дәрілердің жарылмаған бөлшектерін жою жұмыстары жалғасып жатыр
Бүгін Арыс қаласын қалпына келтіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде брифинг өтті. Жиында ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілі, полковник Қайыргелді Хусаинов Арыс қаласынан 60 шақырым қашықтықта мамандардың күшімен оқ-дәрілердің жарылмаған жалғыз бөлшектерін жою жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді. Сонымен бірге ол тұрғындарды расталмаған жалған ақпараттарға сенбеуге және таратпауға шақырды.