Жуырда Түркістан облысы Қоғамдық кеңесінің ұйымдастыруымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ұсынысы бойынша Қоғамдық кеңестер мүшелерінің алғашқы съезі өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Ұлттық бюроның Түркістан облысы бойынша департаментінің басшылығы, қала, аудан әкімдері және орынбасарлары, облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттары, облыстық басқарма басшылары, «НұрОтан» партиясының аудандық, қалалық филиалдарының бірінші орынбасарлары, Қоғамдық кеңестердің облыстық, қалалық, аудандық төрағалары мен мүшелелері, облыстық арнайы мониторингтік топ мүшелері, белсенді жастар мен БАҚ өкілдері қатысты.