Түркістан облысы: Мақтаарал ауданы әкімі әлем чемпионын қабылдады

Аудан әкімі Бақыт Асанов Түркия мемлекетінің Анталья қаласында өткен әлем чемпионатында қол күресінен әлемнің чемпионы атанған аудан тұрғыны Насыр Махамбетовты қабылдады. Бұл жарысқа жер-жаһанның 56 мемлекеті қатысқан болатын. 

Түркістан облысы: Бәйдібек ауданында “Нұр Отан” партиясының конференциясы өтті

«Нұр Отан» партиясы Бәйдібек аудандық филиалының кезекті ХХХV конференциясы аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтті. Саяси маңызы зор жиынға аудандық мәслихат хатшысы М.Нақыпбеков және мәслихат депутаттары, ауыл әкімдері мен мекеме басшылары, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысып отырды. 

Шымкент қаласының әкімі ұстаздарды марапаттады

Шымкенттік педагогтардың құрметіне «Rixos Khadisha Shymkent» қонақ үйінде мерекелік дастархан жайылды. Салтанатты іс-шараға қала әкімі Ғ.Әбдірахымов қатысып, ұлағатты ұстаздарды кəсіби мерекесімен құттықтады. Сөзін «Менің анам да мұғалім болып еңбек етті» деп бастаған шаһар басшысы мəртебелі мамандық иелеріне алғыс айтып, алдағы жылы Елбасы Жолдауына байланысты зор бастамалар күтіп тұрғанына жəне келер жыл ұстаздар қауымы үшін табысты болатынына тоқталды.

Түркістан облысы: Түлкібасқа Жолдауды насихаттау және түсіндіру мақсатында министрлік өкілі келді

Елбасы Жолдауын насихаттау және түсіндіру мақсатында Еңбек және халықты қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Сәдуақасова Дәмежан Төлеубайқызы арнайы келіп, аудан тұрғындармен кездесті. 

Қорғаныс министрлігі мен Шымкент қаласы әкімдігі меморандумға қол қойды

ҚР Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Шымкент қаласының әкімдігі, республикалық «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қоғамдық қозғалысы арасында азаматтардың әскери-патриоттық тәрбиесі саласындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандум түзілді.

Шымкент қалалық сотының жаңа төрағасы тағайындалды

ҚР Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы Абай Рахметулин Шымкент қалалық сотының жаңа төрағасы Ербол Рахымбековты таныстырды. Кеңеске Шымкент қаласынң әкімі, судьялар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, сондай-ақ, «Атамекен» ҰКП және БАҚ өкілдері қатысты.

Түркістан облысы: Бәйдібек ауданында «Өзіне өзі қызмет ету» бұрышы ашылды

Мемлекеттік қызметті көрсетуді оңтайландыру мақсатындаҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ғ.Тұрсынбаев Мыңбұлақ аулында орналасқан «Өзіне өзі қызмет көрсету» бұрышының жұмысымен танысты. Тәжірибемен бөлісу үшін ауыл әкімдері мен білім беру мекемелерінің басшылары мен информатика пәнінің оқытушылары мен ауыл тұрғындары қатысты. 

Елбасы Жолдауын насихаттау бойынша Шымкентке вице-министрлер келді

ҚР Президентінің халыққа Жолдауын насихаттау бойынша Шымкентке республикалық ақпараттық-насихат тобы іс-сапармен келді. Сол топтың бірінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев пен ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Динара Щеглова бар. Мәртебелі қонақтарды Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова бастап алып жүрді.