Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Жетісай ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясының кезекті отырысы өтті. Жиынға Жетісай ауданының әкімі, комиссия төрағасы Жамантай Бейсенбаев, Жетісай ауданының прокуроры Нұрғали Асқанбеков, сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл ұлттық бюросының Сарыағаш аймағы бойынша ауданаралық басқармасының басшысы Ержан Жүнісов, Жетісай аудандық ішкі істер басқармасының басшысы Бауыржан Жанаев, Жетісай ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның дербес құрамы, білім беру мекемелерінің басшылары, дербес бөлім басшылары мен кент, қала, ауыл округтерінің әкімдері және БАҚ өкілдері қатысты.