Алпауыт компаниялар Түркістанға бір-бір нысаннан салып беретін болды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізгені белгілі. Сол жиында Елбасы министрлер мен үкімет мүшелеріне, еліміздегі алпауыт компаниялардың басшыларына Түркістан қаласына бір-бір нысан салу жөнінде тапсырма берді.

Түркістан облысы: Арыстың минералды суына сұраныс артып келеді

Арыс қаласында денсаулыққа өте пайдалы минералды су көзі бар. Бүгінде осы табиғи байлықты елге қолжетімді ету үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. «Арыс минералды су» ЖШС бұрынғы ескі цехты жаңартып, құрылысын биыл аяқтады. Минаралды су шығаратың цехтың жалпы құны 250 млн. теңгені құраған. Жобаның қуаттылығына келсек, мұнда жылына 18 млн. литр су шығаруға болады.

Түркістанда өткен халықаралық инвестициялық форумға шет мемлекеттерден 250-ден аса делегат қатысқан

Түркістан қаласында «Көне Түркістан  – жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық инвестициялық жəне туристік форум өтті. Форумға Еуропа елдерінен, Түркия, Ресей, Оңтүстік Корея, Қытай, Сингапур, Иран,  Малайзия, Пәкістан, Өзбекстан т.б.  мемлекеттерден 250-ден астам делегат келіп қатысты.

Түркістанда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеты өтті

Таяуда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті мен Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен Түркістан қаласында «Адал ұрпақ» еріктілер клубтарының облыстық слеті өтті.

Түркістан облысы: Түлкібаста М.Тынышпаев пен Т.Рысқұловтың ескерткіші ашылды

Түркістан облысында Түлкібас ауданының 90 жылдығы аталып өтілді. Мерекелік шара Т.Рысқұлов ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Кейін Т.Рысқұлов ауылдық округіндегі Түлкібас темір жол станциясындағы қазақ халқының бір туар азаматтары М.Тынышбаев пен Т.Рысқұловтың жаңа ескерткішінің ашылу рәсімімен жалғасты. Ескерткіштің ашылуында аудан әкімі Н.Тұрашбеков, ғалым Д.Қамзабекұлы, дербес зейнеткер Ө.Қалықұлов сөз сөйлеп, қос тұлғаның атқарған еңбектері жайлы айтып өтті.

Профсоюзы как средства личного обогащения

В Шымкенте главу профсоюза работников ТОО «PetroKazakhstanoilproducts» Е.Балтабая заподозрили в присвоении около 11 миллионов тенге некоммерческой организаций. По заявлению учредителей возглавляемого Е.Балтабаем профсоюза ДВД начата досудебная проверка по факту присвоения либо растраты вверенного чужого имущества в крупном размере.

Нұрсұлтан Назарбаев: «Түркістанның тарихы – барша қазақтың тарихы»

Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласына ресми сапарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шаһардағы «Этноауыл» алаңында ұйымдастырылған «Түркістанға оралу» салтанатты іс-шарасының құрметті қонағы болды. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап. 

Елбасы Түркістанды дамыту жөніндегі жарлыққа қол қойды

Түркістанға жасаған жұмыс сапарында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев облыс активінде Түркістан қаласын дамыту бойынша кеңес өткізді. Жиында Елбасы Түркістан қаласының дамыту бағытындағы ойларын ортаға салды. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап.  

Елбасы Түркістан қаласының жаңа әкімшілік орталығының даму жобасымен танысты

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Түркістан қаласына ресми сапары барысында әуелі Түркістан қаласының даму копцепциясымен танысып, салтанатты түрде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтың капсуласын салды. Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Мемлекет басшысына шаһардың жоспарымен толыққанды құлағдар етті. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап.